QazTrade Қытайдың Аньхой провинциясында өкілдігін ашты - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Қытайдың Аньхой провинциясында өкілдігін ашты

Бүгін Қытайдың Аньхой провинциясының әкімшілік орталығы – Хэфэй қаласында QazTrade өкілдігінің ресми ашылуы өтті. QazTrade – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне қарасты сыртқы сауданы дамыту жөніндегі ұлттық институт. Ашу рәсіміне ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шәккалиев пен QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров қатысты.


Жаңа кеңсенің ашылуы Қазақстанның Қытайдағы экспорттық қатысуын күшейтіп, Қытайдың топ-500 компанияларымен ынтымақтастық орнатуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Өкілдік қазақстандық өнімдерді ілгерілету, серіктестер тарту және сауданы цифрландыру мен өнімді терең өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асырумен айналысады.


Аньхой провинциясы – елдің жетекші өнеркәсіптік және логистикалық орталықтарының бірі. Мұнда Қытай экономикасының даму бағытын айқындайтын технологиялық кластерлер мен ірі компаниялар шоғырланған. QazTrade өкілдігін Хэфэйде ашу екі ел арасындағы серіктестіктің стратегиялық сипатын айқындайды.

«Аньхойдың әлеуетін және оның цифрлық саудадағы көшбасшылығын ескере отырып, біз қазақстандық тауарларды ілгерілетудің үлкен мүмкіндіктерін көреміз. Қытайдың топ-500 компанияларымен және провинция үкіметінің қолдауымен біз сауданы цифрландыру, өнімді терең өңдеу және экспортты Орталық Азия елдеріне бағыттау жобаларын дамытамыз. Қазақстан мен Қытай өзара технологиялар мен цифрлық шешімдерге негізделген жаңа ынтымақтастық кезеңіне қадам басуда. QazTrade осы жаңа сауда моделінің өткізушісі болмақ», – деді Алдажаров.

Бүгінде Қазақстан мен Аньхой провинциясы арасындағы өзара сауда көлемі шамамен 2,2 млрд АҚШ долларын құрайды, бұл Қытаймен жалпы тауар айналымының шамамен 5%-ына тең. Тараптар өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету және сауданы цифрландыру есебінен бұл көрсеткіш бірнеше есе өседі деп сенеді.