Кулбатыров Нурлан Найзабекович
Директорлар кеңесінің мүшесі, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры
Туған күні: 1984 жылғы 06 желтоқсан
Жалпы ақпарат, білімі
2009 жылы К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және ҚХР-да ғылыми тағылымдамадан өткен.
Өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасына қатысты (2020 ж.).
Мансабы
Еңбек жолын 2009 жылы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Экономикалық дамуды жоспарлау орталығының аға сарапшысы қызметінен бастаған.
2010-2016 жылдары ҚР ҰЭМ жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да Инвестициялық процестерді талдау басқармасының аға сарапшысы, Инвестициялық процестерді талдау басқармасының бастығы, Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры қызметтерін атқарған.
2016 жылғы 03 мамырдан бастап Сауда және интеграция министрлігі жанындағы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Бас директорының орынбасары болып тағайындалды.
«Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары», «Өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемасы», «Іскерлік ахуал» ұлттық баяндамасы сияқты құжаттарды әзірлеуге қатысты.
Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы Елдік ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі жобалық топтың жетекшісі болды.
2015 жылдан бастап Назарбаев Университеті базасындағы «Global Entrepreneurship Monitor» ұлттық командасының мүшесі.
2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры.
Жетекшілік ететін мәселелер