Басшылық - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Басшылық


Басшылық
Кулбатыров Нурлан Найзабекович Директорлар кеңесінің мүшесі, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры Туған күні: 1984 жылғы 06 желтоқсан Жалпы ақпарат, білімі 2009 жылы К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және ҚХР-да ғылыми тағылымдамадан өткен. Өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасына қатысты (2020 ж.). Мансабы Еңбек жолын 2009 жылы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Экономикалық дамуды жоспарлау орталығының аға сарапшысы қызметінен бастаған. 2010-2016 жылдары ҚР ҰЭМ жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да Инвестициялық процестерді талдау басқармасының аға сарапшысы, Инвестициялық процестерді талдау басқармасының бастығы, Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры қызметтерін атқарған. 2016 жылғы 03 мамырдан бастап Сауда және интеграция министрлігі жанындағы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Бас директорының орынбасары болып тағайындалды. «Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары», «Өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемасы», «Іскерлік ахуал» ұлттық баяндамасы сияқты құжаттарды әзірлеуге қатысты. Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы Елдік ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі жобалық топтың жетекшісі болды. 2015 жылдан бастап Назарбаев Университеті базасындағы «Global Entrepreneurship Monitor» ұлттық командасының мүшесі. 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры. Жетекшілік ететін мәселелер

Жалпы ақпарат, білімі

2008 жылы Ақмола қаржы-экономикалық колледжін «Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша аяқтады.

2013 жылы Шығыс Лондон университетін (Малайзиядағы филиалы) «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтап, бакалавр дәрежесін алды.

2022 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша аяқтап, магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 2013 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму басқармасының жетекші маманы қызметінен бастады.

2014 жылдан 2015 жылғы маусымға дейін «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

2015 жылғы маусымнан 2017 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2017 жылғы қарашадан 2018 жылғы тамызға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің халықаралық ынтымақтастық және тараптардағы шешімдердің орындалуын мониторингтеу бөлімінің бас маман-сарапшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылғы тамыздан 2022 жылғы мамырға дейін — техникалық реттеу және стандарттау бөлімінің консультанты.

2022 жылғы маусымнан 2023 жылғы қазанға дейін — әдіснама және ішкі әкімшілендіру бөлімінің консультанты.

2023 жылғы қазаннан бастап — «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарушы директоры – Тауардың шығу тегін сертификаттау департаментінің директоры.

2025 жылғы 23 сәуірден 2026 жылғы 7 шілдеге дейін «QazExportPromotion» корпоративтік қорының Бас директоры қызметін атқарды.

Жетекшілік ететін мәселелер

Экспорттаушылардың шығыстарын өтеу, стратегия және цифрландыру, ішкі әкімшілендіру

Амирбекова Айнур Султаналиевна, PhD

Сауда және өнеркәсіптік саясат, маркетинг және брендинг саласында 18 жылдан астам тәжірибесі бар халықаралық сауда саласының сарапшысы. Сыртқы нарықтарға қол жеткізу, сауданы цифрландыру, сауданы қорғау шаралары, электрондық коммерция және көміртекті реттеу мәселелеріне маманданған. Қазақстан Республикасының көпжақты және екіжақты сауда келісімдері аясындағы жетекші келіссөз жүргізушісі болып табылады.

QazTrade ұйымында экспортты дамыту бағыттары мен экспорттық акселерация бағдарламасына жетекшілік етеді.

International Trade Centre, Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit, United Nations Conference on Trade and Development, United States Agency for International Development, Organisation for Economic Co-operation and Development және United Nations Economic and Social Commission for Asia and the Pacific ұйымдарымен сауда саясаты және экспортты дамыту мәселелері бойынша халықаралық жобаларды жүзеге асырған.

Ғылыми және талдамалық жарияланымдардың авторы, бизнес-тренер және халықаралық сауда мен сауда саясаты саласының сарапшысы.