QAZTRADE ACCELERATOR бағдарламасы
Экспортты жеделдету бағдарламасы
Экспортты жеделдету бағдарламасы — шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін қолдаудың кешенді бағдарламасы, ол қазақстандық компанияларды халықаралық нарықтарға шығуға және экспорт географиясын кеңейтуге дайындауға бағытталған.
Қатысушыларға экспорттық әлеуетті жеке бағалау, нысаналы нарықтарды таңдауға, экспорттық стратегияны әзірлеуге, маркетингтік материалдарды дайындауға, шетелдік серіктестерді іздеуге және B2B-келіссөздер өткізуге көмек көрсетіледі.
Экспортты жеделдету бағдарламасы нені қамтиды
Экспорттық диагностика — компанияның күшті және әлсіз жақтарын және оның экспорттық әлеуетін бағалау.
Нысаналы нарықтарды айқындау — нақты тауар немесе қызмет үшін неғұрлым перспективалы шетелдік нарықтарды таңдау.
Экспорттық стратегия — компанияның таңдалған нарықтарға шығуының кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын алгоритмін әзірлеу.
Оқыту және консультациялар — семинарлар, воркшоптар және сарапшылармен және халықаралық консультанттармен жеке кездесулер.
Маркетингтік дайындық — нысаналы нарыққа бейімдей отырып, экспорттық профильді, коммерциялық ұсынысты және өнім каталогын әзірлеу.
Шетелдік серіктестерді іздеу — әлеуетті импорттаушылардың, дистрибьюторлар мен сатып алушылардың базасын қалыптастыру.
B2B-келіссөздер — әлеуетті шетелдік сатып алушылармен кездесулер ұйымдастыру.
Халықаралық іс-шараларға қатысу — компанияларды сауда-экономикалық миссияларда, көрмелерде және бизнес-миссияларда сүйемелдеу.
Кейінгі мониторинг — негізгі бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушыларды сүйемелдеу және туындайтын экспорттық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
2026 жылғы Экспортты жеделдету бағдарламасының 20 басым елі
- Моңғолия
- Қытай
- Сауд Арабиясы
- Польша
- АҚШ
- Қырғызстан
- Әзербайжан
- Өзбекстан
- Италия
- Оңтүстік Корея
- Таиланд
- Түркия
- Индонезия
- Жапония
- Ресей
- БАӘ
- Вьетнам
- Үндістан
- Сербия
- Германия
Бағдарламаға кім қатыса алады
- Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілері.
- Отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген отандық тауар өндірушілер.
- Орта және жоғары өңделген тауарларды өндірушілер.
- Жаһандық нарықтарда сұранысқа ие перспективалы тауарларды өндіретін немесе қызметтер көрсететін компаниялар.
- Өндірістік көлемі мен бос қуаттары жеткілікті немесе оларды кеңейту мүмкіндігі бар компаниялар.
- Жаңадан бастаған экспорттаушылар да, экспорттық тәжірибесі бар және жеткізу географиясын кеңейтуді жоспарлап отырған компаниялар да.
Бағдарлама тауар өндірушілерді де, қызмет көрсетушілерді де қамтиды.
Бағдарламаға қатысу тегін негізде жүзеге асырылады!
Бағдарламаға қалай қатысуға болады
01. Өтінім беру
Іріктеу кезеңі ішінде қатысуға өтінім беру.
02. Компания туралы ақпаратты толтыру
Ұйымның атауын, БСН, өкілдің Т.А.Ә. және лауазымын, қызмет саласын, ЭҚЖЖ және байланыс деректерін көрсету.
03. Іріктеуден өту
Өтінімдер өнімнің экспорттық әлеуетін, өндірістік мүмкіндіктерді, қаржылық тұрақтылықты және компанияның сыртқы нарықтарға шығуға дайындығын ескере отырып, конкурстық негізде бағаланады.
04. Экспорттық диагностикадан өту
Экспорттық диагностикадан және компания әлеуетін бағалаудан өту.
05. Қатысу туралы растау алу
Қатысу туралы растау алып, Бағдарлама командасымен жұмысты бастау.
Байланыс деректері
Аскаров Алишер — +7 771 055 10 55
Акбердиева Жанара — +7 702 435 77 99
Сейтжаппарова Гульнара — +7 771 768 30 99



