Еуразиялық экономикалық одақ
Еуразиялық экономикалық одақ
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) – бұл халықаралық құқық субъектілігі бар және 2014 жылғы 29 мамырда Астанада Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен (ЕАЭО туралы шарт) құрылған өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы.
ЕАЭО 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап толыққанды жұмыс істей бастады.
ЕАЭО-тың басты мақсаттары:
– мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде олардың экономикаларын тұрақты дамыту үшін жағдайлар жасау;
– тауарлар, қызметтер, капитал және еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға ұмтылу;
– жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Одақтың органдары мыналар болып табылады:
- Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес – құрамына мүше мемлекеттердің басшылары кіретін ЕАЭО-тың жоғары органы;
- Еуразиялық үкіметаралық кеңес – мүше мемлекеттердің үкімет басшыларынан тұратын ЕАЭО органы;
- Еуразиялық экономикалық комиссия – ЕАЭО реттеуші органы;
- Еуразиялық экономикалық одақ соты – ЕАЭО туралы шарттың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ететін ЕАЭО-тың сот органы.