1) Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы мен өзара
іс-қимылы шеңберінде талдамалық, консультациялық, ақпараттық, техникалық қолдау көрсету;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
3) халықаралық сауда келiссөздерiне ұстанымдар мен халықаралық экономикалық және инвестициялық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде консультациялық қолдау көрсету және сыртқы нарықтарға қол жеткiзуге және халықаралық сауда дауларын шешуге байланысты проблемаларды қарау;
4) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiнде ортақ сауда режимiн құру және үшінші елдермен еркiн сауда аймақтарын құру туралы келісімдер жасау жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;
5) халықаралық сауданың қазiргi заманғы жүйесi және оны реттеу қағидаттары, сауда саясатының шаралары туралы ақпарат пен iлiмдердi тарату, жеке ұйымдар мен мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi персоналының кәсiби деңгейiн арттыру;
6) сауда саласында зерттеулер жүргізу;
7) ішкі және электрондық сауда саласында зерттеулер жүргізу;
8) сыртқы нарықты талдау;
9) «бірыңғай терезе» шеңберінде шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету;
10) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша жәрдем көрсету;
11) отандық экспорттаушыларға сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, әлеуеттi экспорттық нарықтарды iздестiру және олардың тауарларын, көрсетiлетiн қызметтерiн сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелерi бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсету;
12) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету жөнінде iс-шаралар жүргiзу;
13) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету мәселелерi бойынша отандық, шетелдiк және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
14) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі шығындарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсету;
15) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету мақсатында шетелдiк өкiлдiктер құру.