Ескертпе: көрсетілген кесте алдын ала жасалған және сыртқы саяси және сыртқы экономикалық күн тәртібіне, халықаралық іс-шаралар мен ресми сапарлар кестесіне, сондай-ақ шетелдік әріптестермен және мүдделі мемлекеттік органдармен уағдаластықтардың нақтылануына қарай өзгертілуі мүмкін.
| № | Ел | Қала | Алдын ала мерзімдер | Негіздеме | Басым салалар |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Корея | Сеул | 14–16 қыркүйек | Мемлекет басшысының сапары аясында, сондай-ақ Корея Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілікті ескере отырып | Азық-түлік өнімдері, өнеркәсіптік өнімдер, IT және технологиялар, креативті индустриялар |
| 2 | РФ | Мәскеу | 28–30 қыркүйек | Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 27-ші отырысы | Азық-түлік өнімдері, АӨК, химия өнімдері, металлургия, машина жасау, құрылыс материалдары, тоқыма, фармацевтика және медициналық өнімдер |
| 3 | Италия | Рим | 7–9 қазан | Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық және алмасу жөніндегі Қазақстан-Италия үкіметаралық жұмыс тобының 10-шы отырысы | Қатты сұрыпты астық, бидай, ұн және жарма, өсімдік майлары, май-тоңмай өнімдері, органикалық және экологиялық таза азық-түлік өнімдері, бал, кондитерлік және снек өнімдері, макарон өнімдері, табиғи косметика, химия өнімдері, тыңайтқыштар |
| 4 | Швейцария | Шаффхаузен/Берн | 20–22 қазан | Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысы. Шаффхаузен қаласында Қазақстан-Швейцария орталығының ашылуы | Ферроқорытпалар және металлургия өнімдері, фосфор және бейорганикалық химия өнімдері, машина жасау және өнеркәсіптік өнімдер, зығыр майы, бұршақ тұқымдастар, жасымық, дәнді дақылдар, ұн және терең өңдеу өнімдері, балық өнімдері |
| 5 | Вьетнам | Ханой | Қараша | Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 12-ші отырысы | Бидай, ұн, макарон және кондитерлік өнімдер, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, жарма, бал, өсімдік майлары, металл өнімдері және қара металдар, мұнай-химия және химия өнімдері, машина жасау өнімдерінің жекелеген түрлері |
| 6 | Қырғызстан | Бішкек | Қараша | Премьер-Министрдің Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 14-ші отырысына қатысу үшін Қырғызстанға жұмыс сапары | Ұн, астық, жарма, макарон өнімдері, өсімдік майлары, кондитерлік өнімдер, сүт өнімдері, ет, минералды және ауыз су, алкогольсіз сусындар, тұрмыстық химия, тыңайтқыштар, пластмасса және одан жасалған бұйымдар, қара металдар және металл бұйымдары, цемент, шыны, металдан жасалған бұйымдар, автомобильдер, машиналар, жабдықтар және электротехникалық өнімдер |
| 7 | ҚХР | Нанкин | Қараша | ҚХР-да сауда инфрақұрылымының, оның ішінде шоу-румы бар «SOHO JIANGSU» серіктестік кеңсесінің болуы қазақстандық өнімнің тұсаукесерін ұйымдастыруға, B2B-кездесулер өткізуге және отандық тауарларды Қытай нарығында одан әрі ілгерілету мәселелерін пысықтауға мүмкіндік береді. | Азық-түлік өнімдері, АӨК, май-тоңмай өнімдері, ұн-жарма өнімдері, кондитерлік өнімдер, сусындар, халық тұтынатын тауарлар, химия өнімдері, жеңіл өнеркәсіп |
| 8 | Сауд Арабиясы | Эр-Рияд | Желтоқсан | Saudi HORECA / Host Arabia — 2026 жылғы 7–9 желтоқсан — азық-түлік өнімдері, сусындар, HoReCa, мейрамхана және қонақүй бизнесіне арналған жабдықтар. Қазақстан үшін ет және сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, сусындар және АӨК өнімдері ерекше қызығушылық тудырады. FoodTech Saudi — 2026 жылғы 14–16 желтоқсан — тамақ өндірісі технологиялары, қайта өңдеу және суық тізбек. 120-дан астам экспонент, 8 мың кәсіби келуші және 200-ден астам hosted buyer қатысады деп күтілуде. | Halal ет және ет өнімдері, астық және ұн, өсімдік майлары, кондитерлік өнімдер, сүт өнімдері, бал, сусындар, мұздатылған өнімдер |



