Анықтамалық ақпарат - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Анықтамалық ақпарат

 

 

 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 1948 жылы құрылды (Маршалл жоспарын үйлестіру).

Штаб-пәтері Парижде (Франция) орналасқан. 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі Бас хатшы – Хосе Анхель Гурриа Тревиньо (шыққан тегі – Мексика).

ЭЫДҰ мақсаттары

Мүше елдердің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясат жүргізу.

ЭЫДҰ құрылымы

ЭЫДҰ құрамына 38 ел, сондай-ақ жеке қатысушы ретінде Еуропалық комиссия (1960 жылдан бастап) кіреді.

ЭЫДҰ елдерінің үлесіне әлемдік ЖІӨ-нің 60%-ы тиесілі.

ЭЫДҰ қатысушылар санын кеңейту саясатын жүргізеді. Посткеңестік елдердің ішінен 2016 жылы Латвия ЭЫДҰ-ға кірді.

2018 жылы Литва мен Колумбия ЭЫДҰ-ға кірді.

2020 жылы Колумбия ЭЫДҰ-ға кірді.

2020 жылғы 15 мамырда ЭЫДҰ Кеңесі Коста-Риканы ұйымның 38-ші мүшесі болуға ресми түрде шақырды.

Бас басқарушы органЭЫДҰ Кеңесі. Оның құрамына әр елден 1 өкіл, сондай-ақ
Еуропалық комиссияның 1 өкілі кіреді. Кеңесті Бас хатшы – Анхель Гурриа басқарады.

ЭЫДҰ Кеңесі ЭЫДҰ жанындағы тұрақты өкілдер деңгейінде тұрақты негізде кездеседі. Мұндай отырыстарда ұйым қызметінің жалпы бағыттары әзірленеді. Сондай-ақ жылына 1 рет, әдетте мамырдың соңы – маусымның басында Кеңес негізгі мәселелерді талқылау және ЭЫДҰ-ның алдағы жылға арналған жұмыс басымдықтарын айқындау үшін министрлер деңгейінде кездеседі. Шешімдер консенсус негізінде қабылданады. Кездесулер Бас хатшының төрағалығымен өтеді. Кеңес қабылдаған шешімдердің іске асырылуын Хатшылық қамтамасыз етеді.

Хатшылық ЭЫДҰ-ның құрылымдық органдарының жұмысын қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін аппараты болып табылады. Хатшылық ақпаратты жинау және өңдеумен, құжаттар мен ұсынымдарды әзірлеумен айналысады, экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша талдамалық жазбалар мен жарияланымдар шығарады.

ЭЫДҰ Хатшылығының құрамына 19 бөлімше (хатшылықтар, департаменттер, қаржы, экономика, ғылым және технологиялар, ауыл шаруашылығы, білім беру, қоршаған орта және т.б. сияқты түрлі бағыттар бойынша директораттар) кіреді. ЭЫДҰ Хатшылығының бөлімшелері комитеттердің жұмысын талдамалық ақпаратпен қамтамасыз етеді және ұсыныстар әзірлейді. Әрбір Хатшылық бөлімшесіне құзыретіне сәйкес 1-6 комитет, сондай-ақ олардың жұмыс топтары мен кіші топтары бекітілген.

Директораттар халықаралық ақпараттық-талдамалық орталықтар рөлін атқарады. Директораттардың функцияларының бірі – министрлердің жыл сайынғы кездесулерін, ұлттық үкіметтер өкілдерінің қатысуымен комитет отырыстарын (жылына екі рет), сондай-ақ ЭЫДҰ-ға мүше және әріптес елдердің ғылыми-зерттеу институттары, білім беру мекемелері, үкіметтік емес ұйымдары қызметкерлері – сарапшылардың мерзімді отырыстарын ұйымдастыру. Директораттардың тағы бір функциясы – талдамалық жобаларды әзірлеу және іске асыру. Бұл жобалар, әдетте, экономика, білім беру, әлеуметтік-экономикалық даму, ғылым және инновациялар салаларындағы ағымдағы проблемаларды зерделеу және болжау үшін еларалық талдау, мониторинг жүргізу, статистикалық деректер жинаудан тұрады. Жобаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен олардың нәтижелері отырыстар барысында қабылданатын саяси ұсынымдарды қамтитын шешімдерді әзірлеуге негіз болады. Неғұрлым тар мәселелерді шешу үшін Директораттар шеңберінде бөлімдер, зерттеу орталықтары, жұмыс және сараптамалық топтар жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы туралы ақпарат

1. Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы

Қазақстанның ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылы 2008 жылы Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропаның 13 елін қамтитын Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы (бұдан әрі – ЕББ) шеңберінде басталды.

ЕББ Еуразияда инвестициялар тарту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында іске асырылады. Бағдарлама өңір елдеріне ЭЫДҰ стандарттары мен құралдары негізінде іскерлік ахуалды жақсарту саясатын әзірлеуге жәрдемдесуге бағытталған.

2011 жылы Қазақстан ЭЫДҰ тарапынан ел Бағдарламаның доноры болған жағдайда ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының Орталық Азиялық бастамасының (ОАБ) Басқарушы комитетінің жұмысына қатысуға шақырылды. Осылайша, ЕББ қызметін қаржыландыру мақсатында 2011 жылы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі мен ЭЫДҰ арасында Бағдарламаның 2011-2012 жылдарға арналған бюджетін 800 мың еуро мөлшерінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.

2013-2016 жылдар аралығында Қазақстан Еуропалық Одақпен бірлесіп ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының Орталық Азиялық бастамасына тең төрағалық етті.

ЕББ шеңберінде 6 жоба іске асырылды:

1. «Тікелей шетелдік инвестициялар үшін қазақстандық ресурстарды әртараптандыру және секторлық бәсекеге қабілеттілікті күшейту» (2009-2013 жж.);

2. «Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру» (ҰЭМ, 2011-2016 жж.);

3. «Мемлекеттік секторды реформалау арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» (ҰЭМ, МҚІА, 2012–2014 жж.);

4. «Инновациялық саясатты іске асыру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» (2014-2016 жж.);

5. «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік саясат жөніндегі нұсқаулықтарда ұсынылған ұсынымдарды іске асыруға қолдау көрсету» жобасы (2014-2016 жж.);

6. «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігі: Қазақстан Республикасында юниорлық компаниялар нарығының дамуын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ТШИ тарту» жобасы (2014-2018 жж.).

2015 жылы Елдік ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылуына байланысты ЭЫДҰ-мен барлық жобалар Елдік бағдарлама шеңберінде іске асырылады.

Өңірлік диалогты қолдау, басқа елдердегі әріптестердің сараптамалық бағалауын жүргізу, басым реформаларды айқындау және мемлекеттік қайта құруларды әзірлеу мен жүргізуге қолдау көрсету үшін жыл сайын ЭЫДҰ-дағы Еуразия апталығы өткізіледі.

2017 жылы 23-25 қазан аралығында Алматы қаласында ЭЫДҰ-дағы алғашқы көшпелі Еуразия апталығы өтті, оған Еуразия өңірінің 13 елінен 400-ден астам адам қатысты. Үш күндік іс-шараның мақсаты Еуразия мемлекеттері мен ЭЫДҰ-ға қатысушы елдер арасындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға жағдай жасау және әлемдік қоғамдастықтың назарын өңірдің бәсекеге қабілеттілігімен тікелей байланысты бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты күшейтуге аудару болды.

Еуразия апталығы аясындағы іс-шараларға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев, Грузия, Тәжікстан және Өзбекстан Премьер-Министрлерінің орынбасарлары, Еуразия және ЭЫДҰ елдерінің министрлері, ЭЫДҰ және Еуразия елдерінің елшілері, әріптес ұйымдардың өкілдері және бизнес-қоғамдастық қатысты.

ЭЫДҰ Еуразия апталығы 2017 аясында барлығы 16 отырыс пен дөңгелек үстел өткізілді, олардың негізгілері: Ашылу рәсімі, Министрлер деңгейіндегі кездесу, Басқарушы комитеттердің отырысы, Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері бойынша интерактивті пікірталас, Іскерлік форум және Қазақстан бойынша ЭЫДҰ Елдік бағдарламасына арналған сессия.

Еуразия апталығының қорытындысы бойынша ШОБ бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инвестициялар тарту, экспорттық саясатты оңтайландыру, қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту және басқа да бағыттар бойынша 8 елге арналған 6 тақырыптық шолу таныстырылды.

Іскерлік форумға 40 қазақстандық және 30-дан астам шетелдік компанияның өкілдері қатысты.

ЭЫДҰ Еуразия апталығы 2017 аясындағы негізгі іс-шара Қазақстан бойынша ЭЫДҰ Елдік бағдарламасына арналған сессия болды, онда бес салалық министр сөз сөйлеп, Бағдарламаны іске асырудың негізгі нәтижелері, сондай-ақ Елдік бағдарлама шеңберінде берілген ұсынымдарды ескере отырып, Қазақстандағы реформаларды жүргізу процесі талқыланды.

Жалпы, ЭЫДҰ Еуразия апталығы 2017 қорытындысы бойынша ЭЫДҰ Хатшылығы іс-шараның жоғары ұйымдастырылу деңгейін атап өтті, елдер арасында сындарлы диалог пен тәжірибе алмасу жүргізілді.

2. ЭЫДҰ-мен Елдік ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру барысы туралы

2015 жылғы қаңтарда Давос қаласында ҚР Премьер-Министрі мен ЭЫДҰ Бас хатшысы Елдік ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды, ол Қазақстанның ЭЫДҰ-ның 29 негізгі құқықтық құралына қосылуын, сондай-ақ ЭЫДҰ стандарттары мен қағидаттарына сәйкестігін бағалау үшін ел дамуының түрлі салаларында 13 шолу жүргізуді көздейді.

Елдік бағдарлама шеңберінде 2015-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы 13 шолуды іске асырды.

Елдік бағдарламаның бірінші кезеңі

Елдік бағдарламаның бірінші кезеңі шеңберінде мемлекеттік органдар ЭЫДҰ-дан 13 шолу бойынша қорытынды есептер алды.

1-кесте. 2016-2017 жылдарға арналған Елдік бағдарлама шолуларының тізбесі

2017–2018 жылдарға арналған Елдік бағдарламаның екінші кезеңі

Қазақстанның ЭЫДҰ-мен Елдік ынтымақтастық бағдарламасын табысты іске асыру қорытындысы бойынша 2017 жылы Елдік бағдарламаны 2018 жылдың соңына дейін ұзарту мақұлданды.

Елдік бағдарламаның екінші кезеңі шеңберінде 15 жаңа шолуды іске асыру мақұлданды, оның ішінде 8 жобаны ҰЭМ, 1 – ИИДМ, 2 – ҚМ, 1 – АШМ, 1 – СИМ, 1 – СІМ, 1 – ЭГТРМ іске асырады.

Құқықтық құралдар

Елдік бағдарлама шеңберінде
ЭЫДҰ-ның 29 құқықтық құралына қосылу жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда Қазақстан 20 құқықтық құралға қосылды, 7 құрал бойынша қосылу рәсімі басталды және 2 құрал бойынша хат жолдау жоспарлануда.

Құқықтық құралдарға қосылу және олардың ережелерін табысты іске асыру сараптамалық шолулар жүргізумен және ЭЫДҰ жұмыс органдарына белсенді қатысумен қатар комитеттерге қатысу мәртебесін арттыру өлшемшарттарының бірі болып табылады.

Осыған байланысты ЭЫДҰ олардың орындалу сапасын бақылайды, бұл өз кезегінде ЭЫДҰ комитеттеріне қатысу мәртебесін арттыру туралы Кеңестің шешіміне әсер етеді.

Анықтама үшін:

Құқықтық құралдар – шешімдер, ұсынымдар, кодекстер, келісімдер, конвенциялар, декларациялар және халықаралық келісімдерді қамтитын шамамен 450 құжаттан тұратын ЭЫДҰ-ның нормативтік-құқықтық базасы.

ЭЫДҰ нормативтік құжаттарын екі санатқа бөлуге болады:

1. Мемлекетаралық келісімдер, сондай-ақ қатысушы елдер үшін міндетті заңдық күші бар ЭЫДҰ Кеңесінің шешімдері.

2. Елдерге реттеуші міндеттемелер жүктемейтін, ұлттық реттеудің үздік тәжірибесін белгілі бір салаларда енгізу бойынша ұсынымдық сипаттағы декларациялар, конвенциялар, уағдаластықтар, ұсынымдар.

3. Қазақстанның ЭЫДҰ комитеттері мен жұмыс органдарына қатысуы

ЭЫДҰ-ның жоғары саяси басқару органдары ұйымға мүше елдер мен бақылаушы мәртебесі бар елдердің өкілдерінен тұратын Комитеттер болып табылады.

ЭЫДҰ құрылымын шамамен 250 комитет, жұмыс және сараптамалық топ құрайды. Әрбір мамандандырылған комитеттің құрамына 35 қатысушы елдің өкілдері кіреді. Олар сауда, мемлекеттік сектор кәсіпорындарын басқару, дамуға жәрдемдесу, қаржы нарықтары және т.б. сияқты неғұрлым тар салаларда жаңа идеяларды әзірлеу және қол жеткізілген прогресті бағалау үшін отырыстар өткізеді.

ЭЫДҰ-ға мүше емес елдер комитеттер мен ЭЫДҰ-ның басқа да негізгі органдарының жұмысына қатысуға шақырылуы мүмкін. Мұндай елдердің мәртебесі – Әріптестер. Әрбір Комитет шақырылатын елдерді айқындау үшін Халықаралық қатынастар стратегиясын әзірлеуге міндетті. Үш сатылы қатысу көзделеді: шақырылған, қатысушы және қауымдастырылған қатысушы.

ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық кезеңінде Қазақстан Ұйымның 35 жұмыс органына қатысады, оның ішінде ЭЫДҰ-ның 16 комитеті мен жұмыс органында «шақырылған» мәртебесіне ие. Сонымен қатар, Қазақстан 10 комитет пен жұмыс органында «қатысушы», 7-інде «әріптес», 2-інде «қауымдастырылған мүше» мәртебесіне ие.

Мәртебелердің мәні

Шақырылған (Invitee) Қатысу жоспарына енгізілген жағдайда, ЭЫДҰ органының қалауы бойынша қосалқы органдардың жекелеген отырыстарына қатысуға шақырылуы мүмкін. Олар отырыстарға қатысу және талқылауларға қатысу арқылы комитет мандаты мен жұмыс бағдарламасын іске асыруға үлес қосады. Мүшелік жарналар жоқ.
Қатысушы (Participant) Егер өзгеше көрсетілмесе, қосалқы органның барлық отырыстарына шектеусіз мерзімге шақырылады. Бұл шақыруды шақырушы орган әрбір екі жыл сайын қайта қарайды. Мүшелік жарна: Комитет жұмысына қатысқаны үшін жылына 11 200 еуро, тиісті комитетке қатыспайтын жағдайда Жұмыс тобына қатысқаны үшін 3 700 еуро.
Қауымдастырылған мүше (Associated participant) Комитет жұмысына ЭЫДҰ мүшелері сияқты тең жағдайларда (құқықтар мен міндеттер бойынша) қатысады. Алайда ЭЫДҰ-ға жаңа мүшені қабылдау мәселесін талқылауға қатыса алмайды. Мүшелік жарна: жылына 21 000 немесе 53 000 еуро.