QazTrade QazPolymers-2022 бірінші отандық форумына қатысты - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade QazPolymers-2022 бірінші отандық форумына қатысты

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Атырау қаласында QazPolymers 2022 бірінші отандық форумы өтті. Форум барысында полимерлік импортқа тәуелділікті төмендету және осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру міндеттері талқыланды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұйымдастырған форум жұмысына «QazTrade» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ даму институттарының, салалық бизнес-қауымдастықтардың, медтехника, оқшаулау және буып-түю материалдарын, пластикалық құбырларды, мұнай өңдеу, мұнай-химия отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.

Форум басталар алдында қатысушылар Қазақстан Республикасында полипропилен өндіретін бірінші кәсіпорынның «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» (KPI) ЖШС-на барды. Кәсіпорын экспортқа бағдарланған болып табылады, «QazTrade» АҚ экспортты жүзеге асыруға жәрдемдесу мәселесінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Пленарлық сессияда «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Айбек Сағынаев баяндама жасап, экспорттаушылар үшін «QazTrade» АҚ көрсететін қолдау құралдары туралы хабардар етті, сондай-ақ даму институты полимерлерден бұйымдар өндіретін отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті. Осылайша 2022 жылы компанияларға 100 млн. теңгеден астам сомаға логистикаға арналған шығындардың бір бөлігін өтелді. Сонымен қатар, 18 компания экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушылары және «Alibaba» B2B платформасында «Gold Supplier» алтын аккаунттарының иелері болып табылады.

Сондай-ақ, Айбек Сағынаев «QazTrade» АҚ отандық өндірушілер үшін өтеусіз негізде консультациялық-талдамалық қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Бұл құрал форумға қатысушылар арасында қызығушылық тудырды.

Пікір қалдыру