QazTrade отандық өндірушілерді Bazaar Berlin 2026 көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық павильонына қатысуға шақырады! - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade отандық өндірушілерді Bazaar Berlin 2026 көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық павильонына қатысуға шақырады!

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен 2026 жылғы 4–8 қараша аралығында Берлин қаласында (Германия) өтетін Bazaar Berlin 2026 халықаралық көрме-жәрмеңкесінде Қазақстанның ұлттық павильонын ұйымдастырады.

Келесі бағыттар бойынша өнім ұсынатын қазақстандық компанияларды, жеке кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлерін қатысуға шақырамыз:

▪️ Сән және дизайн;
▪️ Қолөнер бұйымдары;
▪️ Азық-түлік өнімдері.

Қатысу тегін! Ұйымдастырушы жабдықталған көрме орнын, қатысушыны тіркеуді, өнім үлгілерін Берлинге әуе көлігімен жеткізуді, сондай-ақ визалық қолдауды және бір өкілдің 3–9 қараша аралығында тұруын қамтамасыз етеді.

✈️ Өкілдің әуе билеттеріне, консулдық алымға, медициналық сақтандыруға және өнім үлгілерін Астанадағы қабылдау пунктіне дейін жеткізуге байланысты шығындарды қатысушы өзі өтейді.

📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі — 2026 жылғы 28 қазанға дейін. Орын саны шектеулі. Өтінімдер саны белгіленген орын санынан асып кеткен жағдайда конкурстық іріктеу өткізіледі.

📝 Қатысуға өтінім беру:https://forms.gle/65v2XUTrQhHM59P87

📞 Анықтама алу үшін байланыс телефондары:

Гүлнара: +7 771 768 3099
Нұрсұлтан: +7 775 371 0427

Made in Kazakhstan өнімдерін халықаралық алаңда таныстырып, бизнесіңіздің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!