QazTrade Гонконг арқылы Қазақстанға Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына жол ашты - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Гонконг арқылы Қазақстанға Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына жол ашты

QazTrade және Гонконг Сауданы дамыту кеңесі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, бұл қазақстандық компанияларға Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына жол ашады.

9 қазан күні QazTrade басқарушы директоры Берік Ахметов HKTDC аймақтық директоры Крис Ло және Орталық Азия мен Моңғолия бойынша директоры Әкеркин Ераliyeва ханыммен кездесті.

Берік Ахметов атап өткендей, Гонконгтың дамыған инфрақұрылымы мен HKTDC-тің жаһандық желісі қазақстандық өнімдерді халықаралық нарықтарға шығаруға ерекше мүмкіндік береді.

«QazTrade Гонконгтағы халықаралық көрмелерге қатысып, қазақстандық экспортты ілгерілетуге мүдделі. Біз Гонконгпен ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін көреміз, әсіресе азық-түлік өнімдерін өндірушілер үшін», – деді Ахметов.

Қол қойылған меморандум халықаралық көрмелерге бірлесіп қатысуды, әлемнің 50 еліндегі HKTDC инфрақұрылымын пайдалануды және болашағы зор тауар позициялары бойынша аналитикалық деректермен алмасуды көздейді. Бұл қазақстандық өндірушілерге Азия нарығында өз қатысуын нығайтуға және жаңа сауда бағыттарына шығуға мүмкіндік береді.

HKTDC аймақтық директоры Крис Ло қазақстандық компанияларға серіктестер мен инвесторларды табуға, сондай-ақ Made in Kazakhstan брендин ілгерілетуге көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
«Біз Қазақстанды Азия саудасының белсенді қатысушысы ретінде көріп отырмыз және қазақстандық экспорттаушыларды қолдау үшін барлық инфрақұрылымымызды пайдалануға дайынбыз», – деді ол.

Меморандумға қол қою Қазақстан мен Гонконг арасындағы экономикалық байланыстарды дамытудағы маңызды қадам болды. Жақын уақытта тараптар өңірде қазақстандық өнімдерді ілгерілету жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлемек.