«QazTrade» АҚ және даму институттары қазақстандық экспортты қолдау үшін күш біріктіруде - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

«QazTrade» АҚ және даму институттары қазақстандық экспортты қолдау үшін күш біріктіруде

«QazTrade» АҚ және даму институттары қазақстандық экспортты қолдау үшін күш біріктіруде

2026 жылы 8 мамырда «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ шикізаттық емес экспортты дамыту және қазақстандық өндірушілерге қолдау көрсетуді күшейту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Ынтымақтастық аясында тараптар экспорттаушыларды сүйемелдеу, бизнестің мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларына қолжетімділігін кеңейту, экспорттық жобаларды құрылымдау және қазақстандық өнімді сыртқы нарықтарда ілгерілету бойынша күш-жігерін біріктіреді.

Кәсіпорындармен өңірлік жұмыс жүргізуге, бизнестің экспорттық әлеуетін анықтауға және экспорттаушыларды қолдаудың қолданыстағы құралдарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылады.