QazTrade Alliance Қазақстан бизнесінің үздік өкілдерін марапаттады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Alliance Қазақстан бизнесінің үздік өкілдерін марапаттады

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын және «Қазақстанның үздік тауары» байқауының наградаларын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Іс-шара аясында сонымен қатар отандық өндірістің дамуына айтарлықтай үлес қосқан кәсіпорындарды біріктіретін «Ұлы Дала Елі» блоктарының лауреаттарын марапаттау ұйымдастырылды.

QazTrade Alliance Ұлттық экспорттаушылар альянсының атынан рәсімге Альянс Президенті Бақыт Парланқызы Манасбаева қатысып, жеңімпаз кәсіпкерлерге марапаттар табыстады.



«Ұлы Дала Елі» блогының лауреаттары:

Сәрсенов Маулен Арынұлы
«IZOTERM» ӨК ЖШС директоры

Төлемісов Марат Шағанбекұлы
«IT&M» ЖШС негізін қалаушы

Насырова Гаухар Майданқызы
«ПК “АГФ Групп”» ЖШС негізін қалаушы

Гадельшиев Руслан Рахимбердиевич
«Конденсат» АҚ директоры

QazTrade Alliance:
«Лауреат компаниялар тұрақты өсімге, жоғары сапа стандарттарына және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға қосқан зор үлестерімен ерекшеленеді. Олардың жетістіктері бәсекеге қабілетті ұлттық бизнестің жаңа мәдениетін қалыптастырып, қазақстандық өндірістің жоғары деңгейін дәлелдейді», — деп атап өтті.

Бірегей экспортты дамыту операторы ретінде QazTrade жеңімпаздарды құттықтайды және оларға жаңа жетістіктер, өндірісті кеңейту және халықаралық нарықтарға сенімді шығуды тілейді.