Қазақстан жаһандық байерлерге шығады. Dubai қаласындағы Gulfood 2026 көрмесінде ұлттық павильон - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан жаһандық байерлерге шығады. Dubai қаласындағы Gulfood 2026 көрмесінде ұлттық павильон

2026 жылғы 26–30 қаңтар аралығында Дубай қаласында Қазақстан әлемдегі ең ірі азық-түлік көрмелерінің бірі – Gulfood 2026 аясында Ұлттық павильонды ұсынады. Көрмеге қатысу қазақстандық өндірушілер үшін Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдерінің нарықтарындағы позицияларын нығайтудың стратегиялық мүмкіндігі ретінде қарастырылады.



Біздің басым бағытымыз — экспорт және тікелей келісімшарттар

Қазақстанның Gulfood 2026 көрмесіне қатысуы шикізаттық емес экспортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылады. Қазақстандық экспозиция азық-түлік пен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін жетекші компанияларды біріктіріп, халықаралық дистрибьюторлармен, трейдерлермен және бөлшек сауда желілерімен келіссөздер жүргізуге арналған бірыңғай алаң қалыптастырады.

Қатысуды ұйымдастыру Dubai World Trade Centre — көрменің ресми операторы — серіктестігімен жүзеге асырылады. Бұл іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейін және жаһандық кәсіби байерлер аудиториясына тікелей қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Қазақстан әлемге нені ұсынады

Павильон аясында экспортқа бағытталған өнімдердің кең ассортименті ұсынылады. Олардың қатарында дәнді дақылдар мен терең өңделген өнімдер, ұн және макарон өнімдері, өсімдік майлары мен май-тоңмай өнімдері, ет және сүт өнімдері, сондай-ақ кондитерлік өнімдер, сусындар және жоғары қосылған құны бар тағамдар бар.

Негізгі назар өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне, өндірістің тұрақтылығына және экспорттық жеткізілімдерді ауқымдау әлеуетіне аударылады.

Іскерлік бағдарлама

2026 жылғы 26–30 қаңтар аралығында шетелдік импорттаушылармен іскерлік кездесулер мен келіссөздер, Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық және инвестициялық әлеуетін таныстыру, отандық өндірушілер өнімдерінің дәм тату сессиялары және салалық нетворкингті қамтитын мазмұнды іскерлік бағдарлама жоспарланған.

Бағдарламаның басты оқиғасы Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына қазақстандық өнім жеткізілімін ұлғайту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған дөңгелек үстел болады. Талқылауға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, Сауда және интеграция вице-министрі, отандық компания басшылары, сондай-ақ шетелдік серіктестер мен өңірдің жетекші импорттаушылары қатысады.

Gulfood — стратегиялық платформа

Қазақстанның Gulfood 2026 көрмесіне қатысуы экспорттық нарықтарды әртараптандыру және жоғары қосылған құны бар қайта өңделген өнім үлесін арттыру жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырылады. Көрме дәстүрлі түрде 190-нан астам елден келген кәсіби қауымдастықты біріктіріп, азық-түлік өнімдерінің халықаралық саудасын дамытудағы негізгі жаһандық платформалардың бірі болып табылады.