2026 жылғы 26–30 қаңтар, Дубай қ., Біріккен Араб Әмірліктері
2026 жылғы 26–30 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы әлемдегі тамақ өнеркәсібі мен сусындар саласындағы ең ірі әрі ең беделді халықаралық көрмелердің бірі – Gulfood 2026 көрмесіне алғаш рет қатысып, Қазақстан Республикасының біртұтас Ұлттық (елдік) павильонын ұсынатын болады.
Қатысу шикізаттық емес экспортты дамыту және отандық агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдерінің басым сыртқы нарықтарына ілгерілету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде ұйымдастырылуда. Ұлттық павильон қазақстандық бизнес үшін бірыңғай таныстырылым және келіссөздер алаңына айналады, қатысудың мемлекеттік флагманы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, ұйымдастыру және үйлестіру операторы – «QazExportPromotion» корпоративтік қоры, «QazTrade» АҚ және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың қолдауымен. Сонымен қатар, қатысуды дайындау және өткізу республикалық бюджет қаражатын тартусыз жүзеге асырылуда: көрме алаңын жалға алу, стендті салу, логистика және ілеспе қызметтер бойынша негізгі шығыстардың барлығын қазақстандық компаниялар-қатысушылар өз мойнына алады. Бұл отандық бизнестің Қазақстанның экспорттық позицияларын ұзақ мерзімді дамытуға өз қаражатын салу арқылы жауапкершіліктің, саналы ұстанымның және стратегиялық көзқарастың жоғары деңгейін айқын көрсетеді.
Экспозиция: Қазақстан АӨК-нің «витринасы»
Ұлттық павильон құрамында агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ өнеркәсібінің негізгі бағыттарын таныстыратын шамамен 30 қазақстандық компанияның қатысуы жоспарлануда. Экспортқа бейімделген өнімнің кең ауқымы ұсынылады, оның ішінде:
- дәнді дақылдар және оларды терең қайта өңдеу өнімдері;
- ұн және макарон өнімдері;
- ет және сүт өнімдері;
- өсімдік майлары және май-тоң май өнімдері;
- кондитерлік өнімдер, кеспе және жедел дайындалатын өнімдер;
- сусындар, оның ішінде шай негізіндегі және функционалдық сусындар;
- күріш, салауатты тамақтануға арналған өнімдер және жоғары қосылған құны бар басқа да қайта өңделген өнімдер.
Қатысудың негізгі міндеті – қазақстандық тауарлардың экспорттық жеткізілімдерін Таяу Шығыс нарықтарына кеңейту, халықаралық дистрибьюторлармен, трейдерлермен, бөлшек сауда желілерімен және HoReCa операторларымен тікелей B2B байланыстар орнату, сондай-ақ Kazakhstan брендині сапалы, қауіпсіз және экологиялық таза өнімнің сенімді жеткізушісі ретінде ілгерілету.
Gulfood – жаһандық кіру нүктесі ретінде
Gulfood – жыл сайын әлемнің 190-нан астам елінен мыңдаған компаниялар мен кәсіби келушілерді біріктіретін, тамақ өнеркәсібі мен сусындар саласындағы ең ірі халықаралық көрме және азық-түлік өнімдерімен халықаралық сауданы дамытуға арналған негізгі платформа болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық павильон мәртебесіндегі қатысуы отандық өндірушілерге бірегей мүмкіндік береді:
- өзінің өнімін әлемдік брендтермен бір алаңда таныстыруға;
- жаңа экспорттық нарықтарға шығып, ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасуға;
- Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне шетелдік инвестициялар мен технологиялық серіктестерді тартуға.
Қатысуды ұйымдастыру Gulfood көрмесінің ресми ұйымдастырушысы және БАӘ-дегі жетекші көрме операторларының бірі – Dubai World Trade Centre компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылуда, бұл халықаралық өкілдіктің және іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Іскерлік бағдарлама
Көрме жұмысы кезеңінде Ұлттық павильонда мазмұнды іскерлік бағдарлама жоспарлануда, оған мыналар кіреді:
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшісінің, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрінің, шетелдік бизнес өкілдері мен салалық сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел;
- Қазақстан АӨК-нің экспорттық және инвестициялық әлеуетін таныстырулар;
- халықаралық байерлермен, дистрибьюторлармен және трейдерлермен мақсатты B2B-келіссөздер;
- отандық өндірушілер өнімдерінің дегустациялық сессиялары;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында өтетін гала-сыбаға (гала-ужин), ол Қазақстанның Gulfood 2026 көрмесіне қатысуының қорытынды акценті әрі бейресми іскерлік қарым-қатынас алаңы болады.
Бағдарламаның негізгі оқиғасы – салалық министрліктер басшылығының қатысуымен қазақстандық компаниялар мен шетелдік әріптестер арасында экспорттық келісімшарттар мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою болады. Салтанатты қол қою рәсімдерін өткізу үшін хаттамалық қолдау, фото және бейне түсірілім қарастырылған.
Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы
Қазақстан Республикасының Gulfood 2026 көрмесіне қатысуы Үкімет тарапынан мынадай маңызды элемент ретінде қарастырылады:
- Таяу Шығыс, Африка және Оңтүстік Азия елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту;
- дәстүрлі бағыттардан тыс экспорт нарықтарын әртараптандыру;
- ұлттық экспорт құрылымында жоғары қосылған құны бар қайта өңделген өнім үлесін арттыру;
- елеулі жер және ресурс әлеуеті бар, заманауи агроөнеркәсіптік кешені қалыптасқан Қазақстанның сенімді және болжамды әріптес ретіндегі жағымды имиджін ілгерілету.



