Өзбекстан қазақстандық бидайдың ірі импорттаушысы болып қалды, онда толық емес екі айда 454 мың тонна бидай жеткізілді. Барлығы 2020-2021 маркетингтік жылы (2020 жылғы 1 шілдеде басталды және 2021 жылғы 30 маусымда аяқталады) Қазақстан астық эквивалентіндегі ұнды есептемегенде 648,8 мың тонна бидай экспорттады.
Басқа импорттаушылар: Тәжікстан – 84,5 мың тонна, Қытай – 51,3 мың тонна, Ауғанстан – 14,2 мың тонна, Қырғызстан – 4,2 мың тонна, Түрікменстан – 2,6 мың тонна, Иран – 1,9 мың тонна және Ресей – 34,2 мың тонна болды (бұл санға РФ арқылы басқа елдерге транзит те енгізілген).
2019-2020 маркетингтік жылы Қазақстан 4,86 млн тонна бидай экспорттады, оның ішінде Өзбекстанға – 2,2 млн тонна, Тәжікстанға – 958,2 мың тонна, Ауғанстанға – 410,9 мың тонна, Қытайға – 320,5 мың тонна, Түркіменстанға – 106,5 мың тонна, Қырғызстанға – 92 мың тонна және РФ – 453,4 мың тонна.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ағымдағы маркетингтік жылы Қазақстан 7,5–8 млн тонна астық (астық эквивалентіндегі ұнды қоса алғанда) экспорттауға ниетті екенін, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1-1, 5 млн тоннаға артық екенін хабарлаған болатын.
Қазақстандық Ауыл шаруашылығы министрлігінің астық балансының өзекті болжамы: 2020 жылғы егіннің 18 млн тоннасының 10-10,5 млн тоннасына жуығы (азық-түлік астығы, жем, тұқым) ішкі тұтынуға, қалғаны – әлеуетті экспортқа жұмсалады.
Республикада дәнді дақылдардың ауыспалы қалдықтары 1 тамызға шамамен 3 млн тоннаны құрады. Астық қабылдау кәсіпорындарында – 1,1 млн тонна, диірмен комбинаттарында – 364,2 мың тонна және тағы 1,5 млн тоннасы – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде.