KOIMA (Корея импорттаушылар қауымдастығы) делегациясымен B2B кездесулер - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

KOIMA (Корея импорттаушылар қауымдастығы) делегациясымен B2B кездесулер

2026 жылғы 27 тамызда Алматы қаласындағы InterContinental Almaty қонақүйінде KOIMA (Корея импорттаушылар қауымдастығы) делегациясының Қазақстанға импорттық бизнес-миссиясы аясында B2B кездесулер өтеді.

Іс-шара қазақстандық өндірушілер мен кореялық импорттаушылар арасында тікелей байланыс орнатуға, жеткізу шарттарын талқылауға және Корея Республикасымен экспорттық ынтымақтастықты дамытуға арналған тиімді алаң болады.

Бағдарлама аясында Қазақстан–Корея бизнес-форумы, компаниялардың таныстырылымдары және кореялық бизнес өкілдерімен жеке B2B келіссөздері ұйымдастырылады.

📅 Өтетін күні: 2026 жылғы 27 тамыз

📍 Өтетін орны: InterContinental Almaty, Алматы қаласы

📌 Қатысу форматы: офлайн, ұйымдастырушылардың алдын ала іріктеуі және растауы негізінде.

📝 Қатысу үшін тіркеу формасын толтыруыңызды сұраймыз: https://forms.gle/NnHyhknnqpBDBDqHA

📞 Ұйымдастырушылардың байланыс деректері:

Жанара Ақбердиева
+7 702 435 77 99

Алуа Қарабаева
+7 778 674 88 47