Германия қазақстандық өндірушілерді Grüne Woche – 2026 көрмесіне шақырады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Германия қазақстандық өндірушілерді Grüne Woche – 2026 көрмесіне шақырады

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі QazTrade ұйымымен бірлесіп халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі — «Grüne Woche-2026» көрмесіне қатысуға өтінім қабылдауды бастайды. Бұл аграрлық және азық-түлік өнімдері саласындағы әлемдегі ең ірі алаңдардың бірі.

2026 жылғы 16–25 қаңтар аралығында Берлин қаласында қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін Еуропалық одақ нарығында таныстырып, 60-тан астам елден келген импорттаушылармен, дистрибьюторлармен және сауда желілерінің өкілдерімен тікелей келіссөздер жүргізе алады.

Grüne Woche көрмесі 1926 жылдан бері өткізіліп келеді және агро-азық-түлік саласындағы жаһандық күн тәртібін қалыптастырып, әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші импорттаушыларды, дистрибьюторларды, сауда желілерін және салалық қауымдастықтарды біріктіреді. Отандық өндірушілер үшін бұл — қысқа уақыт ішінде өз өнімдеріне деген сұранысты сынап көруге, тікелей іскерлік байланыстар орнатуға және еуропалық нарық талаптарын терең түсінуге берілетін сирек мүмкіндік.

Өндірушілер үшін тиімділігі:

• ЕО-ның сатып алушылары мен дистрибьюторларымен тікелей B2B-байланыстар;

• делдалсыз еуропалық нарыққа шығу;

• Қазақстанның Ұлттық стенді аясында өнімді ілгерілету;

• ЕО талаптары мен стандарттарымен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі.

Маңызды: компаниялар үшін қатысу жеңілдетілген шарттармен ұйымдастырылады. Бұл әуе билеттері, тұру, трансфер және өнім логистикасы шығындарының жабылуын білдіреді.

Қазақстан павильонының ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен QazTrade.

📌 Өтінім қабылдау мерзімі — 26 желтоқсанға дейін (түске дейін)

🔗 Өтінім беру: https://forms.gle/prkUs48LkDQw9DA26