Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі QazTrade ұйымымен бірлесіп халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі — «Grüne Woche-2026» көрмесіне қатысуға өтінім қабылдауды бастайды. Бұл аграрлық және азық-түлік өнімдері саласындағы әлемдегі ең ірі алаңдардың бірі.
2026 жылғы 16–25 қаңтар аралығында Берлин қаласында қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін Еуропалық одақ нарығында таныстырып, 60-тан астам елден келген импорттаушылармен, дистрибьюторлармен және сауда желілерінің өкілдерімен тікелей келіссөздер жүргізе алады.
Grüne Woche көрмесі 1926 жылдан бері өткізіліп келеді және агро-азық-түлік саласындағы жаһандық күн тәртібін қалыптастырып, әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші импорттаушыларды, дистрибьюторларды, сауда желілерін және салалық қауымдастықтарды біріктіреді. Отандық өндірушілер үшін бұл — қысқа уақыт ішінде өз өнімдеріне деген сұранысты сынап көруге, тікелей іскерлік байланыстар орнатуға және еуропалық нарық талаптарын терең түсінуге берілетін сирек мүмкіндік.
Өндірушілер үшін тиімділігі:
• ЕО-ның сатып алушылары мен дистрибьюторларымен тікелей B2B-байланыстар;
• делдалсыз еуропалық нарыққа шығу;
• Қазақстанның Ұлттық стенді аясында өнімді ілгерілету;
• ЕО талаптары мен стандарттарымен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі.
❗ Маңызды: компаниялар үшін қатысу жеңілдетілген шарттармен ұйымдастырылады. Бұл әуе билеттері, тұру, трансфер және өнім логистикасы шығындарының жабылуын білдіреді.
Қазақстан павильонының ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен QazTrade.
📌 Өтінім қабылдау мерзімі — 26 желтоқсанға дейін (түске дейін)
🔗 Өтінім беру: https://forms.gle/prkUs48LkDQw9DA26



