«Astana Ғылым қоры business campus» ЖШС-пен, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-мен және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп «Экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары» технологиясын коммерцияландыру диалог алаңын ұйымдастырды. Іс-шара Astana business campus базасында өтті.
Іс-шара шетелдік нарыққа отандық өнімді шығару мәселелеріне және экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік тетіктеріне арналды. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының сақтандыру департаментінің директоры Алмагүл Маженова ұйымның қызметі және өңдеуші сектордың экспорттаушы кәсіпорындарын қолдау туралы айтып берді. «QazTrade» АҚ-ы Жобаларды дамыту департаменті директорының орынбасары Айымгүл Нұрғалиева «бірыңғай терезе» шеңберінде шикізаттық емес экспортты қолдаудың қолданыстағы құралдарын ұсынды.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға шетелдік нарықтарға шыққан және Ғылым қоры қаржыландырған технологияларды коммерцияландырудың кейбір жобалары таныстырылды.
Жерді қашықтықтан зондтау технологиялары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын мониторингтеу мен басқару және шетелдік пайдаланушыларға қызмет көрсету бойынша «EGISTIC» онлайн-платформасын құру туралы жоба жетекшісі Жандос Керимкулов айтып берді.
Жоба жетекшісі – «Қазақстандық инновациялық кәсіпорындар қауымдастығы» ЗТБ-нің өкілі Әсет Дүрмағамбетов үлгілік және тапсырыстық жинақтамалардың зияткерлік бейнекамераларын экспортқа шығару тәжірибесімен бөлісті.
«Өнеркәсіптік көлемде кобальт-57 радиоизотопын өндірудің технологиялық учаскесін құру» жобасы бойынша сыртқы нарықтарға шығу нәтижелері туралы ҚР ЭМ-нің «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК маркетинг жөніндегі жобасы басшысының орынбасары Евгений Ермаков баянядады.
Іс-шара соңында Ғылым қоры, Astana business campus, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы және «QazTrade, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының шетелдік нарықтарға шығуына жәрдемдесуге келісті.