2026 жылғы 27 тамызда Алматы қаласындағы InterContinental Almaty қонақүйінде KOIMA (Корея импорттаушылар қауымдастығы) делегациясының Қазақстанға импорттық бизнес-миссиясы аясында B2B кездесулер өтеді.
Іс-шара қазақстандық өндірушілер мен кореялық импорттаушылар арасында тікелей байланыс орнатуға, жеткізу шарттарын талқылауға және Корея Республикасымен экспорттық ынтымақтастықты дамытуға арналған тиімді алаң болады.
Бағдарлама аясында Қазақстан–Корея бизнес-форумы, компаниялардың таныстырылымдары және кореялық бизнес өкілдерімен жеке B2B келіссөздері ұйымдастырылады.
📅 Өтетін күні: 2026 жылғы 27 тамыз
📍 Өтетін орны: InterContinental Almaty, Алматы қаласы
📌 Қатысу форматы: офлайн, ұйымдастырушылардың алдын ала іріктеуі және растауы негізінде.
📝 Қатысу үшін тіркеу формасын толтыруыңызды сұраймыз: https://forms.gle/NnHyhknnqpBDBDqHA
📞 Ұйымдастырушылардың байланыс деректері:
Жанара Ақбердиева
+7 702 435 77 99
Алуа Қарабаева
+7 778 674 88 47



