«QazTrade» АҚ онлайн-режимде өңір экспорттаушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде кәсіпкерлерге отандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды.
Бас директордың орынбасары Айбек Сағынаев пен экспорттаушыларға өтемақы көрсету департаментінің директоры Жанболат Досжанов «QazTrade» АҚ шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді отандық экспорттаушыларды қолдау жөніндегі құралдары (экспорт бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу, экспорттық акселерация бағдарламасы, халықаралық электрондық платформаларға шығару, қолдаудың сервистік шаралары, талдамалық қолдау) туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара барысында экспорттаушылар ұсынған ұсыныстар мен проблемалық мәселелерге «QazTrade» АҚ өкілдері оларды шешу жолдарын айтты.
Атап айтқанда, компаниялармен Өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен қызметтерінің тізбесінде тауарларды қайта бөлу деңгейлерін қайта қарау және шығындарды өтеу қағидаларына тиісті түзетулер енгізу мәселелері қозғалды.
Сондай-ақ, кейбір компаниялар экспорттаушыларға көлік шығындары мен өнімді жылжытуға шығындардың бір бөлігін өтеу механизмі бойынша өтінімдерді қарау барысына қызығушылық танытты.
Іс-шараға «CG Foods Central Asia» ЖШС, «Береке» ШҚ, «Ordabasy NaN» ЖШС, «Оңтүстік Азия Экспорт» ЖШС, «ЗЕРДЕ-Керамика» ЖШС, «Вита-Фреш КЗ» ЖШС, «Жалғасбаев Талғат Серікбайұлы» ЖК, «ӘУЕС» Өндірістік кооперативінің, «Асыл-LTD» ЖШС, «Статус-Эверест» ЖШС, «Астық саудасы» ЖШС, «Ecoinvest Sa A (екоинвест Эс Эй)» ЖШС, «Asiadistillery» ЖШС, «Insaf LTD» ЖШС, «Сапа-2002» ЖШС, «Ақбура-Келісімшарт» ЖШС, «Ордабасы Құс» және тағы басқа компаниялардың өкілдері қатысты.
Түркістан облысының кәсіпорындары «QazTrade» АҚ белсенді ынтымақтасады және қолдау шараларын пайдаланады. Ағымдағы жылы индустриялық-инновациялық қызметтің 7 субъектісінен 10 өтінім берілді. Өтеудің есептік сомасы 200 млн. теңгені құрайды.