Түркістан облысында өңір экспорттаушыларының, әкімдіктің, «QazTrade» АҚ, «KazakhExport» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өкілдерінің қатысуымен Өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті.
Кәсіпкерлерге ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ желісі бойынша экспорттаушыларды қолдаудың қолданыстағы құралдары туралы айтылды, сондай-ақ экспортты дамыту туралы сұрақтарға жауап берілді.
Түркістан облысының тауар айналымы 2022 жылдың 12 айында 1 511,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 18,3% жоғары. Экспорт көлемі 21% ұлғайып, 932,5 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт құрылымында негізгі үлесті ет және ет өнімдері, ұн, балық филесі, трансформаторлар және басқа да тауарлар алады.
Өңірдің экспорттаушылары «QazTrade» АҚ-мен белсенді ынтымақтастықта және мемлекеттік қолдау шараларын қолданады. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының 11 экспорттаушы компаниясының шығындарды ішінара өтеуге арналған 16 өтінімі мақұлданды. Тауарлар мен қызметтер экспортына жұмсалған шығыстар өтемақысының жалпы сомасы 313,5 млн теңгені құрады.
Қаржылық емес қолдау шаралары экспорттық қызметке дайындықтың толық циклін қамтиды. Шағын және орта бизнес экспорттық акселерация, Alibaba.com платформасына шығару бағдарламаларына, сауда-экономикалывқ миссияларына, халықаралық көрмелерге тегін қатысады және QazTrade Academy порталында халықаралық сауда негіздеріне оқытудан өте алады.
Өңірлік экспорттық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бизнес өкілдері экспортты мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктерін қолдану жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігіне қызығушылық білдірді.
Сонымен қатар, «QazTrade» АҚ бағдарламаларына қатысуға іріктеу жалғасуда:
Экспорттық акселерация: https://forms.gle/hohvgLqBxGjTGUMF9
Alibaba.com: https://forms.gle/9XGGUzKYZBhSRQHv6