СИМ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

СИМ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Құжаттар 2022 жылы 8-13 желтоқсан аралығында қабылданады.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына және қоғамдық Кеңес туралы 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Үлгі ережеге сәйкес).

Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

Жұмыс тобының сандық құрамы 6 адам, оның ішінде 2 – мемлекеттік органдардың өкілдері, 4 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан (форма) бойынша жұмыс тобының құрамына және байқаушы ретінде кандидатура ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі ұсынылады.

Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберілетініне назар аударамыз.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам 2-қосымша сәйкес нысан(форма) бойынша өтініш жазады.

Сондай-ақ, 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысандарды толтырылуы қажет.

Құжаттар жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде қолма-қол ұсынылады немесе көрсетілген электрондық мекенжайларға жіберіледі.

Құжаттар мына мекенжайға ұсынылады (жіберіледі):

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 1 кіреберіс, ҚР СИМ.

Электрондық мекенжайлар: zh.sisembayeva@mti.gov.kza.almukhanova@mti.gov.kz.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды осы телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 74 98 94, 74 91 19, 74 91 24.

Азамат нысаны (формасы), 1 қосымша
Бақылаушы нысаны (формасы), 2 қосымша
Ұйымға арналған үлгі, 3 қосымша
Ұйымға арналған үлгі, 4 қосымша

Пікір қалдыру