Шикізаттық емес өнімдер мен қызметтер экспортына бағдарланған қазақстандық компанияларға арналған оқыту семинарларының сериясын биыл «QazTrade» сауда саясаты орталығының мамандары «Ready4Trade Орталық Азия» жобасы шеңберінде ҚР Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп өткізеді.
«Курстарда жұмыс істеп тұрған және әлеуетті экспорттаушылар қазақстандық тауарларды Еуропалық Одақ елдеріне және басқаларға қалай ілгерілету, экспорт бойынша әріптестер мен сарапшыларды қайдан іздеу, өз бизнесін экспорттық қызметке қалай дұрыс дайындау, сертификаттар мен қажетті құжаттарды қайдан алу және халықаралық сауданың басқа да көптеген нюанстары туралы біледі», – деп хабарлады Халықаралық интеграция департаментінің директоры QazTrade, Орталық Азия Ready4Trade жобасының үйлестірушісі Айнұр Әмірбекова.
Офлайн оқыту төрт бағыт бойынша экспорттаушылар үшін өзекті 15 тақырыпты қамтиды: Халықаралық сауда ережелері, экспорттық рәсімдер, ЕО нарығының талаптары, сапа және сәйкестік стандарттары.
Бүгінде Қазақстанда 550-ге жуық белсенді шикізаттық емес экспорттаушылар бар. 2022 жылдың 11 айында отандық кәсіпорындар өңделген тауарларды 23,9 млрд долларға немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 33,2%-ға артық экспорттады.
Мемлекет өз өнімдерін сыртқы нарықтарға шығаруды жоспарлап отырған шағын және орта бизнесті қолдайды. Үкімет алдында 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорттың бүгінгі көлемін екі есеге ұлғайту міндеті тұр. Қаржылық емес қолдау құралдарының арасында оқыту тренингтері бар.
«QazTrade білім беру құралы аясында біз қазір жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеумен тығыз айналысамыз және бизнеске экспорттық қызметті дамыту саласында сұранысқа ие тақырыптар бойынша тағы бірнеше практикалық семинарлар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», – деп толықтырды Айнұр Әмірбекова.
Қазақстанның 10 қаласында кәсіпкерлер үшін барлығы 12 көшпелі семинар өткізу жоспарлануда. Семинарлар тәжірибелі бизнес-жаттықтырушылар мен тәжірибешілердің жетекшілігімен өтеді. Биылғы жылы алғашқы оқыту семинары 31 қаңтарда Астанада өтеді.
Халықаралық сауда орталығы іске асыратын және Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Ready4Trade Орталық Азия» жобасы шеңберінде Экспорт және халықаралық сауда бойынша курстар сериясын 2022 жылы QazTrade және ҚР Сауда және интеграция министрлігі іске қосты. Бұл оқу бағдарламасының мақсаты – Қазақстанның шағын және орта компанияларына өздерінің экспорттық әлеуетін іске асыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға көмектесу және сол арқылы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ұзақ мерзімді оң әсер ету.
Оқыту екі форматта жүретіндіктен – жаттықтырушылар басқаратын офлайн семинарларда және онлайн QazTradeAcademy.kz. оқыту платформасында әрбір мүдделі кәсіпкер экспорт негіздерін өзіне ыңғайлы тәсілмен үйренуге мүмкіндік алады. Кез келген адам оқу бағдарламасы бойынша онлайн-оқытудан өте алады, ол үшін QazTrade Academy платформасында тіркеліп, қажетті курсты таңдап, оқуды бастау жеткілікті. Курсты аяқтаған соң және тест тапсырғаннан кейін онлайн-валидациямен сертификат беріледі. Бүгінгі таңда Қазақстанның 500-ден астам кәсіпкері оқудан өтті.
Нұсқаушылардың басшылығымен жақын арада өтетін семинарға мына сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://forms.gle/4t5Nf3JCcr8wW35N9.
Анықтама:
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына өңделген тауарларды экспорттауға, қазақстандық шикізаттық емес өнімді өткізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. «QazTrade» АҚ-ның Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі болып табылады.
Жоба туралы
Ready4Trade Орталық Азия – Еуропалық Одақ қаржыландыратын және халықаралық сауда орталығы ұлттық серіктестермен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыратын төрт жылдық жоба. Жоба өңір елдерінде өңірішілік және халықаралық сауданы ынталандыру арқылы Орталық Азияның жалпы орнықты және инклюзивті экономикалық дамуына үлес қосуға арналған. Жобаның бенефициарлары үкіметтер, шағын және орта кәсіпорындар, атап айтқанда әйелдер басқаратын кәсіпорындар және бизнесті қолдау ұйымдары болып табылады.
http://ready4trade.intracen.org/en
https://www.intracen.org/Ready4Trade
Халықаралық сауда орталығы туралы: халықаралық сауда орталығы – бұл дүниежүзілік сауда ұйымы мен Біріккен Ұлттар ұйымының бірлескен агенттігі. ХСО дамушы елдердегі микро, шағын және орта кәсіпорындарға әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі, осылайша БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. Қосымша ақпарат алу үшінмына сайтқа кіріңіз: www.intracen.org. МТС-қа жазылыңыз Twitter | Facebook | LinkedIn | Instagram | Flickr