«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен 2026 жылғы 4–8 қараша аралығында Берлин қаласында (Германия) өтетін Bazaar Berlin 2026 халықаралық көрме-жәрмеңкесінде Қазақстанның ұлттық павильонын ұйымдастырады.
Келесі бағыттар бойынша өнім ұсынатын қазақстандық компанияларды, жеке кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлерін қатысуға шақырамыз:
▪️ Сән және дизайн;
▪️ Қолөнер бұйымдары;
▪️ Азық-түлік өнімдері.
Қатысу тегін! Ұйымдастырушы жабдықталған көрме орнын, қатысушыны тіркеуді, өнім үлгілерін Берлинге әуе көлігімен жеткізуді, сондай-ақ визалық қолдауды және бір өкілдің 3–9 қараша аралығында тұруын қамтамасыз етеді.
✈️ Өкілдің әуе билеттеріне, консулдық алымға, медициналық сақтандыруға және өнім үлгілерін Астанадағы қабылдау пунктіне дейін жеткізуге байланысты шығындарды қатысушы өзі өтейді.
📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі — 2026 жылғы 28 қазанға дейін. Орын саны шектеулі. Өтінімдер саны белгіленген орын санынан асып кеткен жағдайда конкурстық іріктеу өткізіледі.
📝 Қатысуға өтінім беру:https://forms.gle/65v2XUTrQhHM59P87
📞 Анықтама алу үшін байланыс телефондары:
Гүлнара: +7 771 768 3099
Нұрсұлтан: +7 775 371 0427
Made in Kazakhstan өнімдерін халықаралық алаңда таныстырып, бизнесіңіздің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!




