Алматы, Тараз қалаларында, сондай-ақ Алматы және Павлодар облыстарында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның өкілдері өңірлердің кәсіпкерлерімен кездесті.
Іс-шаралар барысында QazTrade сарапшылары бизнес-қоғамдастыққа экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік шараларын таныстырды, олар экспорттық қызметке дайындықтың толық циклін қамтиды.
Мәселен, жаңа бастаған экспорттаушылар немесе әзірге сыртқы нарықтарға шығу туралы ойланатын компаниялар үшін QazTradeAcademy платформасы жұмыс істейді. Мұнда СЭҚ негіздерін үйренуге, сондай-ақ курстан өткені туралы тиісті сертификат алуға болады.
Акселерация бағдарламасы аясында қатысушы компаниялар өз өндірісінің толық диагностикасын және маркетингтік сүйемелдеуді алады. Alibaba.com маркетплейсіне шығару бағдарламасына қатысудың арқасында компаниялар шетелде сатып алушыларды таба алады.
Сондай-ақ, экспорттаушыларға қолдау шаралары ретінде сауда-экономикалық миссияларға қатысуды ұйымдастырады. Биыл кәсіпкерлердің 10 елдегі әлеуетті серіктестермен кездесуге, сондай-ақ QazTrade ұйымдастыратын ұлттық стендтер шеңберінде өз өнімдерін ұсынуға мүмкіндігі бар.
Кездесу қалалар мен облыстар әкімдіктерінің және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қолдауымен өтті. Сапар барысында QazTrade сарапшылары «Чайный центр» ЖШС, «Винзавод Южный» ЖШС, «Алтын Кесе» ЖШС, «Дана Дель» ЖШС, AstauMall ЖК және «ТаразКожОбувь» ЖШС диагностика жүргізді. Кәсіпкерлер операциялық қызметті жақсарту және экспорттық қызметті жолға қою бойынша ұсыныстар алды.
Жақын арада QazTrade сарапшылары Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Абай облыстарына баруды жоспарлап отыр.
Төрт жыл ішінде QazTrade желісі бойынша мемлекеттік бағдарламаларға 500-ге жуық қазақстандық компания қатысты. Тек соңғы жылдың өзінде жиынтық сатылым 800 миллион доллардан асты.