QazTrade ерте импортталған көкөністерді жеткізуге келісімшарттар жасады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade ерте импортталған көкөністерді жеткізуге келісімшарттар жасады

Шымкентте ерте көкөністерге келісімшарт жасау бойынша өңіраралық форум өтті, іс-шараны қала әкімдігі ұйымдастырды.
Іс-шараға «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров және ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков қатысты.
Форумға облыс әкімдіктерінің өкілдері, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және олардың серіктестері, Қазақстанның сауда желілері қатысты.
Келіссөздер нәтижесінде «QazTrade» АҚ, облыстар мен қалалардың ӘКК сырттан әкелінетін ерте көкөністерді жеткізуге келісімшарттар жасасты. Қол жеткізілген уағдаластықтар қазақстандық нарықты алдағы маусымаралық кезеңде, жергілікті көкөністердің қорлары таусылып, олардың сырттан әкелінетін тауарларға қажеттілік туындаған кезде жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, көкөністерді жеткізу өңірлерде әлеуметтік маңызы бар өнімдер тапшылығының алдын алуға және олардың бағасының өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Өзбекстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірінші партиясы мамыр айының басында отандық сөрелерге жеткізілуі күтілуде.
Көкөніс өнімдерінің негізгі жеткізушісі үкіметаралық келісімдер шеңберінде 2023 жылы QazTrade-пен серіктестікте құрылған UZKAZTRADE бірлескен Қазақстан-Өзбекстан компаниясы болады. Экспорттық-импорттық компанияның негізгі міндеті – қазақстандық нарықты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен ірі сауда желілері арқылы көтерме бағамен көкөністер мен жемістермен қамтамасыз ету.

Пікір қалдыру