Бурабайда мал шаруашылығы саласындағы екі күндік халықаралық Dala.Camp Forum 2026 форумы өтті. Форумға Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен, сондай-ақ АҚШ, Бразилия, Франция, Нидерланд, БАӘ және Түркиядан 250-ге жуық делегат қатысты.
Форумның алғашқы панельдік сессиясында QazTrade негізгі қатысушылардың бірі ретінде сөз сөйледі. QazTrade атынан экспортты дамыту жөніндегі басқарушы директор Амирбекова Айнур Сұлтанәліқызы баяндама жасап, Қазақстанның ет саласы бойынша ұзақ мерзімді экспорттық стратегияны қалыптастыруға бағытталған негізгі тәсілдерді таныстырды.
QazTrade экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау құралдарын, «Экспорттық акселерация – 2026» бағдарламасын, сондай-ақ ет саласын дамыту жөніндегі мастер-планды әзірлеу бағыттарын ұсынды.
QazTrade-тің форумға қатысуы Қазақстанның шикізаттық емес экспортын жүйелі дамытуға және отандық өндірушілердің жаһандық ет нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.









