Сыртқы саудадағы жағдайдың өзгеруіне байланысты Қазақстанда экспорттаушыларды қолдау шаралары күшейтілді. Осыған байланысты Экспорттық штаб жанынан бизнеспен жедел байланыс орнатуға арналған арнайы колл-орталық іске қосылды.
Колл-орталықты Сауда және интеграция министрлігіне қарасты экспортты дамыту жөніндегі ұлттық оператор QazTrade іске қосты. Оның мақсаты – сыртқы нарықта жұмыс істейтін экспорттаушылардың мәселелерін дер кезінде анықтап, жедел шешуге көмектесу.
Экспорттаушылар логистика, есеп, кеден рәсімдері және сыртқы саудаға қатысты туындаған мәселелер туралы хабарлай алады.
Барлық өтініштер тиісті мемлекеттік органдар мен даму институттарының қатысуымен қаралып, нақты шешімдер әзірленеді.
Сауда және интеграция министрлігі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Қажет болған жағдайда экспорттық жеткізілімдерді сақтау үшін баламалы бағыттар мен жаңа нарықтар қарастырады.
Колл-орталық номері:
📞 +7 777 022 23 34
күн сайын сағат 9:00–17:00 аралығында жұмыс жасайды
(демалыс және мереке күндерінен басқа)
📧 export.care@qaztrade.org.kz



