Ағымдағы жылдың 7-8 сәуір аралығында QazTrade мамандары Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп өңірлердің ірі кәсіпорындарымен бірқатар кездесулер өткізді, олардың барысында сыртқы экономикалық қызмет, экспорттық әлеуетті іске асыру жоспарлары бөлігінде кәсіпорындардың дамуы талқыланды, сондай-ақ QazTrade көрсететін экспорттаушы-компанияларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары таныстырылды.
Қазіргі уақытта Ақмола облысы Қазақстанның негізгі ауылшаруашылық аймақтарының бірі болып табылады. Облыстың шикізаттық емес экспортының үлесі 51,5%-ті құрайды. Ақмола облысының экспортының көлемі 2020 жылы 718,6 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда (453,6 миллион АҚШ доллары) 58,4%-ке жоғары.
Еске салайық, 2021 жылдың 25 ақпанында QazTrade Ақмола облысының әкімдігімен бірге Өңірлік экспорттық кеңестің онлайн-отырысын өткізді.
Көкшетау қаласында «Новопэк» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті. Новопэк полимерлі қаптама нарығындағы көпжылдық көшбасшы болып табылады. Бүгінгі күні компания ұн, жарма, қант, тұз, күкірт, селитра, цемент, мыс концентраты, ферроқорытпа және т.б. астына буып-түю өндіруші болып табылады.
«Гормолзавод» ЖШС-мен кездесу барысында экспортты ұлғайту мүмкіндіктері, сондай-ақ жаңа тауар желілерінің пайда болуы талқыланды.
«Тыныс» АҚ өкілдерімен шығындарды өтеу, қолдаудың осы шамасында ықтимал жақсарту бөлігіндегі мәселелер талқыланды, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты ілгерілету үшін мемлекет көрсететін басқа да қызметтерге қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, «ЕНКИ» ЖШС және «KazRost Engineering» ЧК-ны аралады.
Щучинск қаласында өткен жылы экспорттық акселератордың қатысушысы «KazBeef Processing» ЖШС-мен кездесу өткізілді.
Степногорск қаласында QazTrade қызметкерлері «SSAP» ЖШС-ге (күкірт қышқылын өндірушілер), «Astana Nan Chemicals» ЖШС – өсімдіктерді қорғауға арналған ірі отандық зауытқа, «Тепличные Технологии Казахстана» ЖШС – көкөністер мен гүлдер өсіретін жылыжай кешеніне барды.
QazTrade экспортты ілгерілету, өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін әзірлеу жөніндегі жаңа бастамаларға әрдайым ашық және диалогқа ашық.