Батыс Қазақстан облысында онлайн форматта «AQJAIYQ INVEST 2021» инвестициялық форумы өтті. Оған бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, облыс басшылығы, «QazTrade» бас директорының орынбасары Асель Егембердиева, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің, Kazakh Invest, АХҚО, KazakhExport және т.б. компаниялардың өкілдері қатысты.
Инвестициялық форум аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мен БҚО-ның инвестициялық әлеуеті таныстырылды.
Батыс Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының дамыған индустриалдық-аграрлық аймақтарының бірі. Өңірдің экономикалық әлеуеті өте жоғары және тұрақты. Аймақ артықшылығының бірі, шекаралас өңірлерге қатысты жағымды экономикалық және географиялық орналасуы – Ресей Федерациясының бес өңірімен (Орынбор, Волгоград, Самара, Саратов, Астрахан) және Қазақстанның екі облысымен (Атырау және Ақтөбе) шектеседі.
Облыста 60-тан астам белсенді экспорттаушылар бар. 2020 жылы экспорт
3,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Өнімдер, жұмыстар мен қызметтер әлемнің 100-ден астам еліне экспортталады. Экспорттың негізгі көлемі Италия, Нидерланды, Испания, Греция және Франция сияқты алыс шетелдерге келеді.
Асель Егембердиева экспорттаушыларды қолдау құралдарымен таныстырды, сондай-ақ инвестицияларды тарту және экспортқа бағытталған инвестициялық жобаларды қолдау институттарымен өзара әрекеттесу туралы әңгімеледі. Батыс Қазақстан облысының экспорттаушылары QazTrade қолдау шараларын белсенді қолданатыны атап өтілді-өңірдің 11 экспорттаушы компаниясы өткен жылы экспорттық шығындардың бір бөлігін 205 млн.теңгеге өтетті. Экспорттық акселерация бағдарламасына 2 кәсіпорын («Нұржанар» АҚ және «Кублей» ЖШС) қатысты.
2019-2020 жылдары өңірдің үш компаниясы («Нұржанар» АҚ, «Кублей» ЖШС, «Qazaqstantrade» ЖШС) Alibaba платформасында «Алтын аккаунтқа» ие болды. Өңір экспорттаушыларының сұратуы бойынша сыртқы экономикалық қызметіне қажетті аалдамалық-консультациялық материалдар тұрақты түрде ұсынылады.
Сонымен қатар, Асель Егембердиева QazTrade шетелдік және отандық инвесторларды Қазақстандағы экспортқа бағытталған жобаларға тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті және аймақтағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді:«Біздің команда «market study», қызығушылық тудыратын тауарлар бойынша нарықты талдауды, саланың әлеуеті мен даму болжамын, ынтымақтастықтың қызығушылық тудыратын мәселелері бойынша жұмыс істеп жатқан экспорттаушылардың байланыстарын дайындауға дайын».