Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 40%-ға жуық өсті - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 40%-ға жуық өсті

Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортында тұрақты өсім көрсетуде.
Экспортты дамыту жөніндегі бірыңғай оператор – ҚР СИМ жанындағы «QazTrade» деректері бойынша, 2025 жылдың алғашқы алты айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің шетелге жеткізілімі 38,3%-ға өсіп, 3,2 млрд АҚШ долларына жетті.

Жалпы, осы кезеңде елдің сыртқы сауда айналымы 66,0 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 36,82 млрд доллар, импорт – 29,14 млрд доллар болды.

Негізгі экспорттық өнім дәстүрлі түрде бидай болып қалуда – оның экспорты 779,8 млн долларды құрады. Сонымен бірге, күнбағыс майының экспорты айтарлықтай өсіп, 339,6 млн долларға жетті. Тұрақты сұранысқа ие өнімдер қатарында мал азығы (244,8 млн доллар), бидай ұны (210,2 млн доллар) және арпа (177,1 млн доллар) бар.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанның негізгі сауда серіктестері:

Еуропалық одақ елдері – 33,6% жалпы тауар айналымы,

Қытай – 22,6%,

Ресей – 18,2%,

Түркия – 3,7%,

Өзбекстан – 3,2%.

«Экспорт құрылымында әлі де мұнай және мұнай өнімдері (61,3%), металдар және металл бұйымдары (12,6%) басым. Дегенмен, агроөнеркәсіптік кешеннің үлесі 8,2%-ға өсті. Бұл деректер ауыл шаруашылығы қазақстандық экономиканы әртараптандыру мен өсудің негізгі драйверіне айналып келе жатқанын дәлелдейді», – деді «QazTrade» тарифтік және бейтарифтік шаралар тобының бас менеджері Жомарт Махамбеталиев.