Экспорттаушылардың шығындарын өтеу ыңғайлырақ болды: QazTrade өтінім беру процесін оңтайландырды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Экспорттаушылардың шығындарын өтеу ыңғайлырақ болды: QazTrade өтінім беру процесін оңтайландырды

Құрметті экспорттаушылар!
«QazTrade» СРСО» АҚ әрбір қазақстандық тауар мен қызмет экспорттаушысының Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайды.

«QazTrade» СРСО» АҚ шығындарды өтеу тетігінің барлық қазақстандық экспорттаушылар үшін барынша ыңғайлы болуына мүдделі.
Қазіргі уақытта жедел штаб құрылды, сондай-ақ өтінімдерді тұрақты әрі қолайлы қабылдауды қамтамасыз ету үшін порталдың техникалық оңтайландыруы жүргізілуде.

Экспорттаушыларға өтінім беру процесінің барлық кезеңдерінде жедел көмек көрсету үшін «QazTrade» СРСО» АҚ сарапшылары қатысатын қолдау желісі ашылды. Біз күн сайын, демалыссыз сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін кеңес береміз.

Сонымен қатар, сайтта өрістерді толтыру үлгілері мен файл форматтарына қойылатын талаптарды көрсететін қадамдық нұсқаулықтар орналастырылған (сілтеме: https://export.gov.kz/news/detail/1958?showType=EXPORT).

Сіздердің белсенді ұстанымдарыңыз бен Қазақстанның бейшикізаттық экспортын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз. «QazTrade» СРСО» АҚ әрқашан ашық диалогқа және өз өкілеттіктері аясында туындайтын мәселелерді бірлесіп шешуге дайын.

Шығындарды өтеу мәселелері бойынша кеңес телефондары:
8 (7172) 76-85-11 (ішкі 106, 306, 202, 341, 326)
8 (7172) 76-85-88 (ішкі 327, 302, 329, 301).

Өтінім беру кезінде туындайтын техникалық мәселелерді жедел шешу үшін телефон:
8 (7172) 76-88-27 (ішкі 112).