Қазақстандық ұн мен өсімдік майын экспорттаушыларға Қытай нарығына шығуға көмектеседі - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстандық ұн мен өсімдік майын экспорттаушыларға Қытай нарығына шығуға көмектеседі

2022 жылғы 12 желтоқсанда «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры Нұралы Бөкейханов және әлемдегі жетекші электрондық Alibaba.com сауда алаңдарының бірінің вице-президенті Эндрю Женг Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар құжатты «Цифрлық сауданың жаһандық көрмесі» (Global digital Trade Expo) форумының алаңында онлайн-режимде қолтаңбалармен бекітті. Қол қою рәсімі кезінде ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға ҚР ҚХР-дағы Елшілігінің атташесі Уахап Кабигужен де қатысты.

Меморандумның негізгі мақсаты – жеткізушілерге қазақстандық өнімді Қытай аумағына экспорттауға жәрдемдесуге бағытталған Қытайға экспорттау жобасын іске асыру саласындағы ынтымақтастық.

Жоба аясында Қытайға экспорттау үшін қазақстандық тауарларды сатып алу ұйымдастырылуда. Отандық өнім Alibaba Group арналары арқылы одан әрі тарату үшін тікелей сатып алынатын болады. Жобаға қатысу Alibaba Group-пен тікелей жеткізуші ретінде ұзақ мерзімді ынтымақтастық мүмкіндігін береді, экспорттаушылар Alibaba Group арналары арқылы Қытай нарығына қол жеткізе алады және Қытайдағы экспорттық сатылымдарды арттыра алады.

Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде оралған ұн мен өсімдік майы, кейіннен – қазақстандық өндірістің басқа да тауарлары сатып алынатын болады.

Жобаның шарттары мен жол картасын алу үшін өтінімді мына сілтеме бойынша толтырыңыз: https://forms.gle/Sdvh5XbMv2YGvFR26 .

Байланыс жасау үшін:

«QazTrade» АҚ

Шекара маңы саудасы және электрондық коммерция департаменті

Тел.: 8 (7172) 76-85-12, 8 (7172) 76-85-23

E-mail: ecommerce.qaztrade@gmail.com

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру