Қазақстандық тауар өндірушілердің сауда миссиясы Қытайдың Чэнду қаласында өтеді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстандық тауар өндірушілердің сауда миссиясы Қытайдың Чэнду қаласында өтеді

Қазақстандық тауар өндірушілердің сауда миссиясы 18-21 наурыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтеді.

Сычуань провинциясына іскерлік сапарды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен QazTrade ұйымдастырды. Сауда миссиясының бірінші күні отандық май өнімдерін өндірушілер рапс майын шығаратын Sichuan Deyang Nianfeng Food ірі зауытында болды.

Кәсіпорын толық циклді жоғары технологиялық өндіріс болып табылады және рапсты өңдеуден басқа тауарды тазарту, буып-түю, сақтау, логистика және дистрибуция бойынша кезеңдерді қамтиды. Зауыт жылына 300 мың тонна рапс өңдей алады, сондай-ақ жыл сайын 500 мың тоннадан астам рапс майын импорттайды, бұл Қытайдың барлық импортының бестен бір бөлігін құрайды. Сондай-ақ қытайлық компания күнбағыс, соя және мақсары майын импорттайды. Бұдан басқа, кәсіпорынның жалпы қуаты 100 мың тонна майды сақтауға арналған резервуарлары бар және сол арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосатын стратегиялық объектілердің бірі болып табылады.

Қазақстандық кәсіпкерлер өндірістік үдеріспен танысып, Сычуаннан келген әлеуетті серіктестермен байланыс орнату мүмкіндігіне ие болды. Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы қытайлық Sichuan Deyang Nianfeng Food компаниясының өкілдерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға келісті.

Сауда миссиясына 50 отандық компанияның өкілдері қатысуда. Атап айтқанда, май және сүт өнімдерін, ұн және кондитерлік өнімдерді, алкогольсіз сусындарды, жануарларға арналған жемшөп өндірушілер мен қызмет көрсетушілер.

Сауда миссиясының екінші күні қазақстандық компаниялар үшін Қытай-Еуропа орталығында В2В кездесулер ұйымдастырылды. Шақырылған қытайлық компаниялардың арасында – Батыс құрлықтағы және теңіздегі арналарды өнеркәсіптік дамыту альянсы, Оңтүстік сауда федерациясына мүше кәсіпорындар, Жеткізу тізбегі қауымдастығының кәсіпорындары бар.
Қытайдың іскер топтары біздің компаниялар ұсынған барлық тауар позицияларына үлкен қызығушылық танытты.

Sichuan Port and Shipping & Petrochina Energy Co.Ltd компаниясы бас директорының орынбасары Zhu Yu мырзамен кездесу өткізілді.
Компанияның басым бағыттарының бірі дүкендер желісі үшін азық-түлік сатып алу болып табылады (Сычуань провинциясы бойынша 1500 сауда нүктесі). Кездесу қорытындысы бойынша Yu ханым Қазақстанға жаз айларында май зауыттарын, макарон және сусындар өндіретін кәсіпорындарды аралауға келетіні туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Пікір қалдыру