Астанада QazTrade Accelerator-2023 экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушыларымен кездесу өтті. Стратегиялық сессия барысында бизнес өкілдері сыртқы сауда қызметінің проблемаларын талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Экспорттық акселерация бағдарламасы Қазақстанда соңғы төрт жыл ішінде іске асырылуда. Осы уақыт ішінде 400-ден астам компания отандық шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді шетелдік нарықтарға жылжыту жобасына қатысты.
«Биыл біз бизнестен акселерация бағдарламасына қатысуға 500-ге жуық өтінім алдық. Нәтижесінде біздің сарапшылар жыл бойы атаулы түрде жұмыс істейтін 111 компанияны іріктелді», – деді «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева.
Бағдарламаның мәні экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға сервистік қолдау көрсету болып табылады. Ол экспорттық циклдің барлық кезеңдерін қамтиды: жаңа нарықтарға шығу стратегиясын әзірлеу бойынша ұсыныстардан бастап, іскерлік келіссөздерде компания өкілдерін сүйемелдеуге, әлеуетті серіктестерді іздеуге және келісімшарттар жасауға дейін.
«Біз қолданыстағы қолдау құралдарын үнемі жетілдіріп, дамытып отырамыз. Бұл жолы экспорттаушылар үшін стратегиялық сессия өткізілді, нәтижесінде Бизнестің ұсыныстары негізінде экспорттық қызмет процесінде туындайтын қиындықтарды шешу бойынша жол картасы әзірленетін болады. Бұл жұмыстың қорытындысы үкіметке ұсынылады», – деді Әсел Егембердиева.
Кездесуге қатысушылар негізгі проблемалардың қатарында халықаралық нарықтардағы бәсекелестіктің күшеюімен қатар логистиканың жоғары құнын, тауарлар мен қызметтерді сертификаттауды, сондай-ақ кедендік мәселелерді атап өтті. Бұдан басқа, үздік 10 сауда кедергілеріне сақтандыру кірді, ҚҚС өтеу және кәсіпорындардың жеткіліксіз өндірістік қуаттылығы).
Акселерация бағдарламасы азық-түлік, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау және қызмет көрсету секторы сияқты шикізаттық емес қазақстандық экспорттың перспективалық бағыттарын қамтиды. QazTrade Accelerator-2023-тің айрықша ерекшелігі – қызмет көрсететін компаниялар санының өсуі, атап айтқанда, IT саласында.
Бағдарламаға қатысушы, Connected Home тұрғын үйлерге арналған смарт шешімдер шығаратын компанияның өкілі Станислав Седушкиннің айтуынша, QazTrade-мен ынтымақтастықтың арқасында олар БАӘ, Сауд Арабиясы және Өзбекстанның әлеуетті серіктестерімен бірнеше меморандумдарға қол қойды.
«Бұл болашақ байланыстар бағытында үлкен көмек. Жасалған меморандумдар әлеуетті серіктестерді табуға және жаңа нарықтардағы ықтимал ынтымақтастық туралы тақырыптық әңгіме жүргізуге көмектеседі. Бағдарламаға қатысқанға дейін бізде компанияның қай бағытта дами алатындығы туралы жалпы көзқарас болды. Сарапшылардың талдауы мен сараптауы біздің индустрия үшін қандай елдерде әлеует бар, біздің технологияларымыз қандай нарықтарда сұранысқа ие болатыны туралы нақты көріністі көрсетті», – деп бөлісті Станислав Седушкин.
Бизнес-кездесу аясында БАӘ, Қытай, Түркия, Оман, Өзбекстан және Ресейден келген дистрибьюторлық желілердің, сауда-логистикалық компаниялардың, сауда электрондық алаңдарының, технологиялық компаниялардың өкілдері өз қызметтерін таныстырып, өзара іс-қимыл перспективаларын белгіледі.
Іскерлік іс-шара аясында келіссөздер жүргізілді, оның барысында кәсіпкерлер өнімдер мен қызметтерді ұсынды, одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, өнімнің сынақ партияларын жөнелту туралы уағдаласты және өзара іс-қимылдарды белгіледі.