Қазақстан Қытай провинцияларымен өңірлік байланыстарды күшейтеді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан Қытай провинцияларымен өңірлік байланыстарды күшейтеді

Қытайдың Нанкин қаласында аттас провинцияда «Орталық Азия – Цзянсу» орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Іс-шараға Орталық Азия мен Қытайдың бизнес қауымдастығының, Сюаньу ауданының мемлекеттік секторының, Нанкиннің муниципалдық ұйымдарының, Цзянсу электрондық коммерция қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ консалтингтік және қаржы мекемелерінің халықаралық өкілдері қатысты.

Жақында Астанада QazTrade экспортын ілгерілету жөніндегі қазақстандық оператор және Jiangsu SOHO Holdings Group Co. Ltd сауда-экономикалық инвестициялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бірлескен жұмыс бағыттарының бірі Қытайдың Цзянсу провинциясында сауда орталығын құру белгіленді, онда қазақстандық өнім сатуға шығарылады, ал кейіннен – Орталық Азия елдерінен тауарлар шығарылады.

«Экспорттық оператор SOHO Holdings Group компаниясына тауарларды онлайн және оффлайн-көрсету, мультифункционалды орталық алаңында өнімді сату және тарату үшін рұқсат алуға жәрдемдеседі, сондай-ақ Орталық Азияның бес елінің ұлттық павильондарын салуға рұқсат алуға көмек көрсетеді», – деп хабарлады Нанкиндегі рәсім барысында «QazTrade» АҚ өкілі Бекке Мұхамед Ибраев.

Қазақстан бизнес үшін ауқымды сервистік платформаға айналатын  ОА елдері мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және мәдени алмасуды күшейтуге серпін беретін «Орталық Азия – Цзянсу» кешенді алаңының жұмысын үйлестіретін болады. Орталық жергілікті шарттарға сәйкес сауда, инвестициялық, қаржылық және мәдени қызметтер көрсететін болады.

Өз сөзінде Нанкин қалалық партия комитетінің Тұрақты комитетінің мүшесі мен вице-мэр Дэн Чжии қала билігі Soho Holdings Group жобасын жүзеге асыруға және «Цзянсу – Орталық Азия» әлемдік деңгейдегі кәсіпорынның құрылысын жеделдетуге бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

SOHO Holdings тобы өкілінің айтуынша, дамыған инфрақұрылым арқылы Цзянсу өңіріндегі орталықтың құрылысы Қытай нарығына шетелдік ресурстардың қолжетімділігін жеңілдетеді және өз кезегінде «Белдеу мен жол» бойында орналасқан Орталық Азияның бес елінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сондай-ақ, меморандум аясында Қазақстанда «Цзянсу Орталық Азиялық орталығын» ашу жоспарланған. Кешендік алаң қытайлық және қазақстандық тауарлардың витринасы ғана емес, бизнес өкілдері халықаралық серіктестермен келісімшарттар жасасып, іскерлік келіссөздер жүргізіп, қаржылық және консалтингтік қызметтер алып, сауда шарттарын рәсімдей алады.

Мультифункционалды орталықты құру Қазақстанның Қытай провинцияларымен, атап айтқанда Цзянсумен сауда-экономикалық байланыстарын нығайтуға оң әсерін тигізеді, өңірлер арасындағы көлік-логистикалық байланысты жақсартады, сондай-ақ Қытай-Еуропа бағыты бойынша сауда және қойма инфрақұрылымын кеңейтуге ықпал ететін болады.

Jiangsu SOHO International Group Corp – Цзянсу провинциясына тиесілі Қытайдың ірі мемлекеттік кәсіпкерлік тобы болып табылады. Компания құрамына 380 астам кәсіпорын кіреді, жылдық кіріс 100 миллиард долларға жетеді. SOHO ішкі және сыртқы сауданы кешенді дамытуды ұстанады. Компания 160-тан астам елмен және өңірлермен экономикалық және сауда ынтымақтастығын орнатты.

Пікір қалдыру