Қазақстан мен Тәжікстан бірлескен сауда кәсіпорнын құрды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан мен Тәжікстан бірлескен сауда кәсіпорнын құрды

 

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Астанада екі елдің іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин басқарды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бизнеске іскер серіктестер іздеуге жәрдемдесу.

Қазақстан-Тәжік бизнес-форумы алаңында Тараптар 1,8 млрд доллардан астам сомаға 39 коммерциялық келісімшарт пен келісімдер жасасты. Олардың ішінде – «ТаджКазТрейд» бірлескен кәсіпорнын құру жөніндегі жобаның тұжырымдамасы бар. Құжатқа «QazTrade» АҚ Бас директоры Нұралы Бөкейханов пен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экспорт агенттігінің директоры Бахриддин Сироджиддинзода қол қойды.

Нұралы Бөкейханов атап өткендей, Қазақстан өзінің алдына Тәжікстанмен тауар айналымын ұлғайту бойынша өршіл мақсат қойып отыр. Бұл 2 миллиард доллардан асатын сома туралы.

«Қазақстанның ішіндегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және қазақстандық экспортты ілгерілету үшін біз Тәжік әріптестерімен бірлескен кәсіпорын ашамыз. Бұл компанияның міндеті екіжақты ынтымақтастықты арттыру, кәсіпкерлерге көтерме-тарату орталықтарын, қоймаларды құруға жәрдемдесу, сондай-ақ қазақстандық өнімдерді Тәжікстанға экспорттау бағыттарын жолға қою болады», – деді QazTrade басшысы.

 

Қазақстан Тәжікстанға тамақ өнімдерінен басқа локомотивтер, рельстер, автомобильдер мен көлік құралдары сияқты дайын тауарларды экспорттайды. Тәжікстан Қазақстан нарығына кендер мен концентраттарды, жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізеді.

Бизнес-форумды QazTrade-нің, Тәжікстан Республикасының Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасымен ынтымақтастықта Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қолдауымен ҚР Сауда және интеграция министрлігі ұйымдастырды.

Пікір қалдыру