Қазақстан 2022 жылы ШҰАА-ның ірі сауда серіктесіне айналды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан 2022 жылы ШҰАА-ның ірі сауда серіктесіне айналды

Алматыда Қазақстан мен Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданының шекара маңы ынтымақтастығының II Достық диалогы аясында 16 екіжақты құжатқа, оның ішінде 565,4 млн долларға коммерциялық келісімшарттарға қол қойылды.

28 наурызда ҚКП Орталық Комитетінің Саяси Бюро мүшесі, ҚХР ШҰАА парткомының хатшысы Ма Синжуяның Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан-Қытай бизнес-форумы болып тті.

II Достық диалог отырысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Алматы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу облыстарының әкімдері және ШҰААР өкілдері, екі елдің іскер топтары қатысты.

Алматы қаласы әкімдігінің және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның қолдауымен ҚР Сауда және интеграция министрлігі ҚР шекара маңы ынтымақтастығының II Достық диалогын ұйымдастырды.

ҚР вице-премьерінің хабарлауынша, Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара сауда рекордтық көрсеткіштерге жетіп, өткен жылдың қорытындысы бойынша 24 млрд доллардан асты. Оның ішінде қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты үштен бірінен астамға өсіп, 13,2 млрд долларды құрады. Қазақстанға импорттық жеткізілім көлемі 33,5%-ға артып, 11,0 млрд долларға жетті.

Біздің елдерімізді дәстүрлі түрде байланыстыратын негізгі өңір Қытай Шыңжаң болып табылады, Қазақстан мен Қытайдың барлық тауар айналымының 40%-дан астамы оның үлесіне тиесілі.

«Қытай нарығы – біздің өнімдеріміздің сенімді және сапалы тұтынушысы. Біз 1 млрд долларға 135 қосымша тауар позициясы бойынша өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы тауарларының кең ассортиментін ұсынуға дайынбыз», – деді Серік Жұманғарин өз сөзінде.

Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпорындар Қытайға салқындатылған ет өнімдерін, балық өнімдерін, құс еті мен қосалқы өнімдерді, шошқа етін, жұмыртқаны, жылқы етін және жоғары маржиналды тауарлардың басқа да түрлерін жеткізе алады.

Өз кезегінде ҚКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, ҚХР ШҰАА парткомының хатшысы Ма Синжуй Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының барлық бағыттары, оның ішінде сауда-экономикалық қатынастар, трансшекаралық тасымалдарды дамыту, көлік инфрақұрылымын, электрондық коммерцияны кеңейту бойынша оң нәтижелерді атап өтті.

«Шыңжаң – бұл Қытайдың батысқа қарай ашылуының басты қақпасы, сонымен қатар Жібек жолының экономикалық белдеуінің орталық аймағы. 2022 жылы Қазақстан Шыңжаңның ірі сауда серіктесі болды», – деп атап өтті Ма Синжуй Қазақстан мен Қытай шекаралас ынтымақтастығының II Достық диалогы барысында.

Бүгінде Қазақстанда тау-кен металлургия кешені, өңдеу өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі және басқа да стратегиялық салаларда 3300 бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеуде.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі QazTrade-мен бірлесіп бизнеске қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтарда танымалдылығын арттыруға көмектеседі. Мәселен, Қазақстан Шанхай халықаралық импорттық көрмесіне құрылған сәттен бастап соңғы бес жыл бойы қатысып келеді. Осы уақыт ішінде оған 133 компания қатысты, олардың жиынтық сатылымы шамамен 260 млн долларды құрады.

 

 

2023 жылдың қыркүйегінде қазақстандық кәсіпорындар тағы да Шанхай көрмесіне қатысуды жоспарлап отыр, бұл жолы өнеркәсіптік тауарлардың кең ассортименті болады. Бұдан басқа, 20 қазақстандық өнім өндіруші мен қызмет көрсетуші Үрімші қаласындағы 7-ші Қытай-Еуразиялық тауарлар және сауда көрмесінде өз өнімдерін ұсынатын болады.

Форум аясында экономиканың түрлі секторлары: құрылыс, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, туризм, инвестициялар және т.б. бойынша B2B форматындағы қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлер арасында екіжақты келіссөздер өтті.

Іс-шараға 150-ден астам қазақстандық компания, Шыңжаңның 20 жетекші бизнесмені, Қазақстандағы қытайлық ірі инвестициялық кәсіпорындардың 10 өкілі қатысты.

Форум алаңдарында 16 екіжақты құжатқа, оның ішінде 565,4 млн теңгеге 5 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Пікір қалдыру