Жақсенова Зарина Мұратқызы - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Жақсенова Зарина Мұратқызы

Цифрлық сауда және қаржылық емес шаралар жөніндегі басқарушы директор

Жақсенова Зарина Мұратқызы
Цифрлық сауда және қаржылық емес шаралар жөніндегі басқарушы директор

Туған жылы: ___.

Білімі

• 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
• 2012 жылы Ұлыбританиядағы Ноттингем қаласының университетінде LLM дәрежесін алған.
• 2021 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында (Мәскеу қ.) «экономика магистрі» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бастап, 2005–2017 жылдар аралығында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2017–2021 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның (Мәскеу қ.) Құқықтық департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеп, халықаралық деңгейдегі құқықтық реттеу мәселелерін үйлестірген.

2021–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде департамент директоры қызметін атқарған.

2023–2024 жылдары «QazTrade» АҚ Бас директорының кеңесшісі болған.

2024–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде департамент директоры қызметін атқарған.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.