Павлодарда «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығының өңірлік өкілі Әйгерім Алтыбасарова «Ready4 Trade Орталық Азия» жобасы аясында халықаралық сауда орталығының кеңесшілерімен бірлесіп екі күндік оқыту семинарын өткізді. Тренингте кәсіпкерлерге халықаралық сауданың қолданыстағы ережелері, сондай-ақ ЕО елдеріне экспортқа жіберілетін қазақстандық өнімге қандай талаптар қойылатыны туралы айтылды.
Офлайн оқыту төрт бағыт бойынша экспорттаушылар үшін өзекті 15 тақырыпты қамтиды: Халықаралық сауда ережелері, Экспорттық рәсімдер, ЕО нарығының талаптары, Сапа және сәйкестік стандарттары.
«КazAgroStat» ЖШС шаруа қожалығының өкілі Тимур Махмудов семинарда алған білімдерін тәжірибеде қолданатынын атап өтті. Қазір кәсіпорын Павлодар облысында картоп өсіріп, Өзбекстанға делдалдар арқылы өнім сатуда. Жоспарларда экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту, сондай-ақ жаттықтырушылар ұсынған жаңа құралдар мен ақпараттар арқылы жаңа нарықтарды өз бетінше іздеу бар.
Дайын өнімді экспорттаушылар үшін жаңа білім алу қажеттілігін тренингтің тағы бір қатысушысы «Troya компаниясы» ЖШС СЭҚ бөлімінің басшысы Юлия Климова атап өтті. Әзірге компания өнімдерді тек Ресейге экспорттайды, бірақ жақын арада Еуропа, БАӘ, Иран және Әзірбайжан нарықтарына шығуға ниетті.
Естеріңізге сала кетейік, білім беру жобасы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумағында жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – шикізаттық емес өнімдер мен қызметтерді жаңадан экспорттаушылардың ақпараттық вакуумын толтыру, бизнес-процестерді дұрыс құруға және халықаралық нарыққа шығуға дайындалуға көмектесу.
Қазақстанның 10 қаласында кәсіпкерлер үшін барлығы 12 көшпелі семинар өткізу жоспарлануда. Келесі тренинг Астанада 2023 жылдың 16 ақпанында өтеді.