Пәкістан қазақстандық экспорттаушыларға өзінің логистикалық әлеуетін таныстырды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Пәкістан қазақстандық экспорттаушыларға өзінің логистикалық әлеуетін таныстырды

Қазақстандық экспортқа бағдарланған компаниялар үшін QazTrade ұйымдастырған тұсаукесерде Пәкістан делегациясының өкілдері ірі Оңтүстік Азия елінің көліктік-логистикалық мүмкіндіктері туралы айтып берді. Кездесуге мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың, логистикалық компаниялардың өкілдері, экспорттаушылар қатысты.

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры Рустам Асулбек атап өткендей, біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту өзара тиімді көлік-логистикалық бағыттарын құруға ынталандырады.

«QazTrade экспорттық-импорттық операцияларды қамтамасыз етудің тиімді жолдарын іздеуде. Пәкістан – біз тығыз ынтымақтасамыз деп үміттенетін сенімді серіктес», – деді Пәкістан делегациясымен кездесуде Рустам Асулбек.

Өз кезегінде, National Logistics cell мультимодальды логистикалық компаниясының Бас директоры Фаррух Шахзад Рао Пәкістан мен Қазақстанның бизнес-жобаларының саны соңғы уақытта тұрақты өсіп келе жатқанын хабарлады.

«Бірінші жартыжылдықта біз Қазақстанға ең қысқа автомобиль жолымен Пәкістан картопының партиясын әкелдік. Шілде айының ортасында осы көлік бағыты бойынша келесі жүк жеткізіледі деп күтілуде. Шамамен жеткізу уақыты – 14-16 күн. Келешекте Қырғызстан арқылы маршруттар салуды жоспарлап отырмыз», – деді Пәкістан делегациясының басшысы.

 

Пәкістанда теміржол, теңіз және автокөлік коммуникациялары орнатылған. Қазақстанға бірнеше қолданыстағы транзиттік бағыттар бар: Қытай мен Қырғызстан, Өзбекстан және Ауғанстан, Түрікменстан және Иран арқылы. Теңізге шығу Пәкістанның транзиттік жүктерді жеткізу әлеуетін айтарлықтай арттырады.

2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы 22,8 млн долларды құрады. Бес айдың ішінде Қазақстан 3,4 млн долларға өнім экспорттады, Пәкістан тауарларының импорттық жеткізілімдері 19,4 млн долларға жетті.

Қазақстандық экспорттың құрылымында ауыл шаруашылығы тауарлары (бұршақ дақылдары, пияз және сарымсақ, сұлы, қарақұмық, тары және басқа да дәнді дақылдар, зығыр және майлы дақылдар тұқымдары), сондай-ақ құбырларға арналған арматура, қара металдардан және вулканизацияланған резеңкеден жасалған бұйымдар басым.

Пәкістаннан импорт негізінен цитрус, дәрі-дәрмектер, картоп, ерлер мен әйелдер киімдері және т. б.

Анықтама:

National Logistics Cell (NLC) – Пәкістандағы жетекші мультимодальды логистикалық ұйым. Ішкі және аймақтық жүктердің көпшілігіне қызмет етеді. Компания автомобиль, теміржол, теңіз және әуе сияқты мультимодальды көлік түрлерін қолданады. NLC-тың мүмкіндіктері Пәкістанның ірі сауда орталықтары мен портты қалаларындағы құрғақ порттар мен қоймалар желісімен толықтырылуда.

 

Пікір қалдыру