Өзбекстан қазақстандық бидайды ірі импорттаушы болып қалды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Өзбекстан қазақстандық бидайды ірі импорттаушы болып қалды

Өзбекстан қазақстандық бидайдың ірі импорттаушысы болып қалды, онда толық емес екі айда 454 мың тонна бидай жеткізілді. Барлығы 2020-2021 маркетингтік жылы (2020 жылғы 1 шілдеде басталды және 2021 жылғы 30 маусымда аяқталады) Қазақстан астық эквивалентіндегі ұнды есептемегенде 648,8 мың тонна бидай экспорттады.

Басқа импорттаушылар: Тәжікстан – 84,5 мың тонна, Қытай – 51,3 мың тонна, Ауғанстан – 14,2 мың тонна, Қырғызстан – 4,2 мың тонна, Түрікменстан – 2,6 мың тонна, Иран – 1,9 мың тонна және Ресей – 34,2 мың тонна болды (бұл санға РФ арқылы басқа елдерге транзит те енгізілген).

2019-2020 маркетингтік жылы Қазақстан 4,86 млн тонна бидай экспорттады, оның ішінде Өзбекстанға – 2,2 млн тонна, Тәжікстанға – 958,2 мың тонна, Ауғанстанға – 410,9 мың тонна, Қытайға – 320,5 мың тонна, Түркіменстанға – 106,5 мың тонна, Қырғызстанға – 92 мың тонна және РФ – 453,4 мың тонна.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ағымдағы маркетингтік жылы Қазақстан 7,5–8 млн тонна астық (астық эквивалентіндегі ұнды қоса алғанда) экспорттауға ниетті екенін, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1-1, 5 млн тоннаға артық  екенін хабарлаған болатын.

Қазақстандық Ауыл шаруашылығы министрлігінің астық балансының өзекті болжамы: 2020 жылғы егіннің 18 млн тоннасының 10-10,5 млн тоннасына жуығы (азық-түлік астығы, жем, тұқым) ішкі тұтынуға, қалғаны – әлеуетті экспортқа жұмсалады.

Республикада дәнді дақылдардың ауыспалы қалдықтары 1 тамызға шамамен 3 млн тоннаны құрады. Астық қабылдау кәсіпорындарында – 1,1 млн тонна, диірмен комбинаттарында – 364,2 мың тонна және тағы 1,5 млн тоннасы – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде.

Пікір қалдыру