Ляньюньганда екінші Қазақстан-Қытай кәсіпкерлер форумы өтті - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Ляньюньганда екінші Қазақстан-Қытай кәсіпкерлер форумы өтті

Ляньюньган қаласында 31 тамызда Қазақстан-Қытай кәсіпкерлер комитетінің Цзянсу байланыс бөлімшесі, Цзянсу трансұлттық сатып алуға жәрдемдесу орталығы, Ляньюньган халықаралық сауда палатасы және Шанхай ынтымақтастық ұйымының (Ляньюньган) Халықаралық логистикалық паркінің Басқарушы комитеті ұйымдастырған II Қазақстан-Қытай кәсіпкерлер форумы өтті.

Форумда екіжақты сауданың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін АӨК саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығының, Қытайдың халықаралық сауда палатасының екіжақты ынтымақтастық департаментінің, Цзянсу провинциясының Халықаралық саудаға жәрдемдесу кеңесінің және екі тараптың тиісті мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Цзянсу провинциялары мен Ляньюньган қаласының негізгі кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Іскерлік алаңда Қазақстан мен Қытайдың сарапшылары мен ғалымдары түрлі бағыттар бойынша пікір алмасты, соның ішінде АӨК-ке сауда мен инвестицияларды кеңейтуді, логистикалық қызметтер көрсету және шекара маңындағы аудандарда ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына, тауарларға арналған өңірлік халықаралық логистикалық тарату орталығының құрылысына жәрдемдесуді қоса алғанда. Кең пікір алмасулар мен зерттеу пікірсайыстры онлайн және оффлайн режимінде өткізілді.

«QazTrade» АҚ-ы Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева Қазақстанның сауда-экономикалық мүмкіндіктері туралы баяндап, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін перспективалы салаларды белгіледі.

Қазақстанның сауда-инвестициялық әлеуетін ірі компаниялар мен ұйымдар, соның ішінде «Air Astana» АҚ, «Kazakh Invest» АҚ, «ҚТЖ» АҚ, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА, «Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы» ЗТБ, «Batu Agro» ұсынды.

Форум аясында қазақстандық Batu Trading Co., Ltd. сауда компаниясы мен Hangmu Supply Chain Co., Ltd. Ляньюньган компаниясы бидай импорты бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

 

Пікір қалдыру