GazTrade сарапшылары Астанадағы тренингте кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

GazTrade сарапшылары Астанадағы тренингте кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді

 

Қазақстандық кәсіпорындар шет елдер нарықтарының сыйымдылығын қалай анықтайды? Мұндай өзекті мәселені Астанадағы бизнес өкілдері экспорт бойынша екі күндік семинарда айтты.

Бизнесмендер үшін оқыту тренингін «Qaztrade» сауда саясаты орталығының мамандары «Ready4Trade Орталық Азия» жобасы аясында ҚР Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп өткізді.

Білім беру жобасы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумағында жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – шикізаттық емес өнімдер мен қызметтерді жаңадан экспорттаушылардың ақпараттық вакуумын толтыру, бизнес-процестерді дұрыс құруға және халықаралық нарыққа шығуға дайындалуға көмектесу.

Офлайн оқыту төрт бағыт бойынша экспорттаушылар үшін өзекті 15 тақырыпты қамтиды: Халықаралық сауда ережелері, Экспорттық рәсімдер, ЕО нарығының талаптары, Сапа және сәйкестік стандарттары.

Оқыту барысында кәсіпкерлер өз сұрақтарына тәжірибелі жаттықтырушылар мен сауда саласындағы сарапшылардың толық жауаптарын алуға мүмкіндік алады. Мәселен, шағын және орта бизнес өкілдерін сыртқы нарықтардың сыйымдылығын анықтау әдістері, шет елдердегі реттеу ережелері, сондай-ақ сертификаттау, стандарттар және әлеуетті серіктес елдердің талаптары туралы өзекті ақпарат көздері қызықтырды.

Тренингке қатысушыларға QazTradeAcademy.kz білім беру платформасы, сауданы оңайлату жөніндегі Tradeinfo.kz ақпараттық порталы сияқты ресурстарды пайдалану ұсынылды.

Қазақстанның 10 қаласында кәсіпкерлер үшін барлығы 12 көшпелі семинар өткізу жоспарлануда. Келесі тренинг 2023 жылдың 6 ақпанында Павлодарда өтеді.

 

Пікір қалдыру