Елордалық университет студенттеріне халықаралық сауда ережелері туралы айтылды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Елордалық университет студенттеріне халықаралық сауда ережелері туралы айтылды

«Ready4Trade Орталық Азия» жобасы аясында Астана қаласындағы Esil University-де халықаралық сауда ережелері мен экспорт негіздері бойынша оқыту курсы өтті. QazTrade сарапшысы, PhD профессоры Айнұр Әмірбекова оқу орнының оқытушылары мен экономика және сауда саласындағы болашақ мамандарға шетелдік нарықтардың ерекшеліктері туралы айтып берді. Тренингке барлығы 75-ке жуық адам қатысты.

Оқыту төрт негізгі тақырып бойынша өтті: «Халықаралық сауда ережелері», «Экспорт процесі», «ЕО нарығының талаптары», «Сапа және сәйкестік». Сондай-ақ, қатысушылар сауда рәсімдерін оңайлату бойынша Қазақстанның Ұлттық ақпараттық сауда порталы арқылы көрсетілген тауарлардың экспорттық-импорттық қызметін және транзитін жүзеге асыру кезеңдерімен танысты.

Курстарды халықаралық сауда орталығы «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп әзірледі және Еуропалық Одақ қаржыландырады.

Пікір қалдыру