Экспортты дамыту және ілгерілету
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ құзыреті шегінде экспортты ілгерілету бірнеше бағытты қамтиды
Экспорттаушыларды талдамалық және консультациялық сүйемелдеу
Қазіргі әлемдік үрдістерді талдау, жаһандық сигналдарға уақтылы ден қою
Қазақстанның мақсатты экспорттық қоржыны
Өндірушілердің проблемаларын анықтау және экспорттық экожүйені жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу
Компанияларға шетелдік нарықтарға шығу
Бірыңғай терезе export.gov.kz
Сүйемелдеу мен әкімшілендіруге export.gov.kz экспорттық порталына ерекше көңіл бөлінеді. Порталда экспортты ілгерілету жұмысын неғұрлым орталықтандырылған әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін бірқатар құрал іске асырылған:
- «Дайын аналитика» елдік, өңірлік және салалық бөліністерде барынша толық ақпарат ұсынуға бағытталған.
- «Интерактивті аналитика» дайын визуализациямен және автоматты түрде қалыптастырылатын мәтіндік анықтамамен «Тауарлар бойынша», «Елдер бойынша», «Өңірлер бойынша», «Қызметтер бойынша» талдамалық есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
- Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге және экспорттық акселерация бағдарламасына қатысуға өтінімдерді онлайн қабылдау.
- Жөнелту өңірін ескере отырып, тауарларды белгілі бір елге жеткізу құнын есептеуге мүмкіндік беретін логистика калькуляторы.
- Қазақстандық тауарлар мен өндірушілерді іздеу жүйесі.
- Ұсынымдарды бірден алу мүмкіндігі бар экспорттаушылар арасында сауалнама жүргізу сервисі (export readiness checker).
Экспорттаушыларды қолдаудың сервистік және қаржылық шараларының біріктірілген пакеттері
E-COMMERCE дамыту
Халықаралық электрондық сауда алаңдарында өнімді орналастыруға бастапқы капитал беру
Фулфилмент орталықтары мен бонд қоймаларының санын ұлғайту
Салықтық жеңілдіктер электрондық саудаға қатысушылар үшін
Халықаралық сауда интернет-алаңдарына (Amazon, Alibaba, Etsy, eBay) қол жеткізу жөніндегі әдістемелік құралды әзірлеу
ТАЛДАУ
QazTrade қызметіндегі негізгі жобалардың бірі — экспорт саласында талдамалық жұмыстар жүргізу. Бұл бағыт экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде кәсіпорындарға пайдалы ақпараттың үлкен көлемін қамтитын талдамалық шолулардың бірнеше түрін қамтиды.
Дайджесттер
Ай сайын жүргізілетін талдаудың ең сұранысқа ие түрлерінің бірі. Талдау белгілі бір кезеңдегі ең өзекті ақпаратқа — елдегі экспорттың жай-күйіне, жекелеген тауар топтары немесе позицияларына жасалған талдауға негізделеді.
Елдік шолулар
Талдаудың бұл түрі өз өнімдерін экспорттауды жоспарлап отырған Қазақстан кәсіпорындары үшін әлеуетті қызығушылық тудыратын бірнеше ел бойынша жыл сайын жүргізіледі.

Өңірлік шолулар
Өңірлік талдау Қазақстанның әрбір өңіріндегі жағдайға толықтай бағытталған, сондай-ақ жалпы ел бойынша ұқсас талдауды қамтиды.

Салалық шолулар
Салалық шолу белгілі бір сала тұрғысынан экспорттың әлеуетті мүмкіндіктерін талдауға бағытталған. Бұл талдау жыл сайын жүргізіліп, Қазақстанның бірнеше саласын қамтиды.

Экспорттық өнімдер каталогы
Бұл — Қазақстанның барлық негізгі экспорттаушыларының бірыңғай тізбесін, олардың қызметінің сипаттамасын, өнімдерінің ерекшеліктерін және кәсіпорындардың байланыс деректерін қамтитын жыл сайынғы басылым.
Экспорттаушылар тізілімі
Бұл тізілім қазіргі уақытта экспорттық операцияларды жүзеге асыратын экспорттаушы кәсіпорындардың шоғырландырылған тізімі болып табылады. Тізілім деректері кәсіпорындардың атаулары мен байланыс деректерін, экспортталатын өнімдер тізбесін, экспорттың үлесі мен бағыттарын қамтиды. Тізілім тұрақты түрде өзектендіріліп отырады және экспорт мәселелерімен айналысатын ұйымдар үшін үлкен қызығушылық тудырады.
Сауда-экономикалық миссиялар
QazTrade-пен бірге шетелдік сатып алушыларды табыңыз
Сауда-экономикалық миссия (СЭМ) — қазақстандық компаниялардың шетелдік нарыққа іскерлік сапары. Қатысушылар нарықтың ерекшеліктерімен танысады, өз өнімдерін таныстырады және әлеуетті импорттаушылармен, дистрибьюторлармен әрі сауда желілерімен жеке B2B-келіссөздер өткізеді.
СЭМ-нің негізгі мақсаты — қазақстандық компанияларға тікелей іскерлік байланыстар орнатуға және экспорттық жеткізілімдерге көшуге көмектесу.
СЭМ қалай өтеді
01. Өтінім беру
Компания қызығушылық танытқан елді таңдап, QazTrade Global платформасында тіркеледі.
02. Профильді толтыру
Компания өнім, өндірістік мүмкіндіктер және жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсетеді, сондай-ақ презентацияны, каталогті және қолда бар сертификаттарды жүктейді.
03. Экспорттық дайындықты бағалау
Өтінім 100 балдық жүйе бойынша бағаланады. Іріктеуден өту үшін кемінде 60 балл жинау қажет.
04. Қатысушыларды іріктеу
Бағалау нәтижелері бойынша негізгі және резервтік тізімдер қалыптастырылады. Қорытынды құрам Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп бекітіледі.
05. Келіссөздерге дайындық
QazTrade шетелдік әріптестермен бірлесіп, әр компанияның өнімі мен мақсаттарын ескере отырып, әлеуетті сатып алушыларды іріктейді.
06. Іскерлік бағдарламаға қатысу
Компания бизнес-форумға, презентацияларға және импорттаушылармен, дистрибьюторлармен әрі басқа да әлеуетті әріптестермен жеке B2B-кездесулерге қатысады.
07. Миссиядан кейінгі сүйемелдеу
QazTrade шетелдік әріптестермен кейінгі коммуникацияны қолдайды және қол жеткізілген уағдаластықтарды қадағалайды.
Кімдер қатыса алады
Қатысуға шетелдік нарықтарға шығуға мүдделі қазақстандық шикізаттық емес тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер шақырылады.
- өнімнің миссия тақырыбына және нысаналы нарықтағы сұранысқа сәйкестігі;
- компанияның экспорттық әлеуеті мен өндірістік мүмкіндіктері;
- өнім сапасы және қажетті сертификаттардың болуы;
- импорттаушы елдің талаптарын орындауға дайын болуы;
- презентацияның, каталогтің және өнім туралы өзекті материалдардың болуы;
- экспорттық жеткізілімдер тәжірибесі немесе экспортты бастауға расталған дайындық;
- қатысудың нақты мақсаттары және келіссөздер жүргізуге дайындық;
- міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы.
Толық шарттар мен қосымша талаптар әрбір миссия бойынша хабарландыруда көрсетіледі.
QazTrade нені қамтамасыз етеді
Бекітілген бағдарлама шеңберінде QazTrade мыналарды ұйымдастырады:
- шетелдік сатып алушыларды іріктеу және шақыру;
- жеке B2B-кездесулер;
- іс-шара өтетін елдегі трансфер;
- қажет болған жағдайда аудармашы қызметтері;
- СЭМ-нің ресми күндерінде компанияның бір өкілінің тұруы*
Қатысушы өз қаражаты есебінен төлейді: ұшу билетін, визаны ресімдеуді, тәуліктік және жеке шығыстарды. Өзекті шарттар QazTrade Global платформасында орналастырылады.
* Тұру ақысын төлеу тиісті қаржыландыру болған кезде және нақты сауда-экономикалық миссияны өткізу шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Халықаралық көрмелер
Өніміңізді әлемдік нарықта таныстырыңыз
Халықаралық көрмелер қазақстандық компанияларға өнімдерін кәсіби аудиторияға таныстыруға, сұраныс пен бәсекелестік ортаны зерделеуге, сатып алушыларды, дистрибьюторларды және іскерлік әріптестерді табуға мүмкіндік береді.
QazTrade отандық компаниялардың қатысуын ұйымдастырады Қазақстан Республикасының ұлттық павильондары мен ұжымдық стендтері құрамында.
Қалай қатысуға болады
01. Көрмені таңдаңыз
Кестемен танысып, компанияның саласы мен экспорттық мақсаттарына сәйкес келетін іс-шараны таңдаңыз.
02. Өтінім беріңіз
Хабарландыруда көрсетілген мерзімде тіркеу нысанын толтырыңыз.
03. Материалдарды ұсыныңыз
Компания мен өнімнің сипаттамасын, каталогті, фотосуреттерді, сертификаттарды және сұратылған өзге де ақпаратты жолдаңыз.
04. Іріктеуден өтіңіз
QazTrade өнімнің көрме тақырыбына, нысаналы нарық талаптарына сәйкестігін және компанияның экспорттық жеткізілімдерге дайындығын бағалайды.
05. Қатысуға дайындалыңыз
Бекітілгеннен кейін компания ұлттық стендті безендіруге арналған өнім үлгілері мен материалдарды ұсынады, сондай-ақ өкілін келіссөздерге дайындайды.
06. Өнімді таныстырыңыз
Қатысушы ұлттық стендте жұмыс істеп, импорттаушылармен, сауда желілерімен, дистрибьюторлармен және көрменің басқа келушілерімен кездесулер өткізеді.
07. Келіссөздерді жалғастырыңыз
Көрмеден кейін компания алынған байланыстарды өңдеп, әлеуетті әріптестермен келіссөздерді жалғастырады.
Іріктеудің негізгі өлшемшарттары
Ұлттық экспозицияны қалыптастыру кезінде мыналар ескеріледі:
- Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуі және қызметін жүзеге асыруы;
- өнімнің көрме тақырыбына сәйкестігі;
- нысаналы нарықтағы өнімге сұраныс пен оның перспективалары;
- өнімнің сапасы, бәсекеге қабілеттілігі және экспорттық әлеуеті;
- қауіпсіздік талаптары мен техникалық регламенттерге сәйкестігі;
- қажетті сертификаттардың, рұқсаттардың немесе аккредиттеулердің болуы;
- экспорттық тапсырыстарды орындауға арналған өндірістік қуаттардың болуы;
- талап етілетін тілде сапалы каталог пен презентацияның болуы;
- үлгілерді ұсынуға және өкілдің қатысуын қамтамасыз етуге дайындық;
- салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы.
Талаптар елге, салаға және көрме форматына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Түпкілікті шарттар әрбір іс-шара бойынша жеке жарияланады.
Қолдау құрамына не кіруі мүмкін
Нақты көрменің шарттарына байланысты қолдау мыналарды қамтуы мүмкін:
- ұлттық стендті жалға алу және безендіру;
- өнімді көрсетуге арналған жұмыс орны;
- ұйымдастырушылық және ақпараттық сүйемелдеу;
- қатысушылар мен ұлттық экспозицияны ілгерілету;
- әлеуетті сатып алушыларды іріктеу және B2B-кездесулер ұйымдастыру;
- аудармашылар қызметтері;
- бағдарлама шеңберіндегі логистикалық қолдау;
- жол жүруге немесе тұруға арналған жекелеген шығыстар.
Өтелетін шығыстардың нақты тізбесі өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Экспорттық акселерация бағдарламасы
Экспорттық акселерация бағдарламасы — қазақстандық компанияларды халықаралық нарықтарға шығуға және экспорт географиясын кеңейтуге дайындауға бағытталған шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін қолдаудың кешенді бағдарламасы.
Қатысушылар экспорттық әлеуеттің жеке бағасын, нысаналы нарықтарды таңдауда, экспорттық стратегияны әзірлеуде, маркетингтік материалдарды дайындауда, шетелдік әріптестерді іздеуде және B2B-келіссөздер өткізуде көмек алады.
Экспорттық акселерация бағдарламасы нені қамтиды
Экспорттық диагностика — компанияның күшті және әлсіз жақтарын әрі оның экспорттық әлеуетін бағалау.
Нысаналы нарықтарды айқындау — нақты тауар немесе қызмет үшін неғұрлым перспективалы шетелдік нарықтарды іріктеу.
Экспорттық стратегия — компанияның таңдалған нарықтарға шығуының қадамдық алгоритмін әзірлеу.
Оқыту және консультациялар — сарапшылармен және халықаралық консультанттармен семинарлар, воркшоптар және жеке кездесулер.
Маркетингтік дайындық — нысаналы нарыққа бейімдей отырып, экспорттық профильді, коммерциялық ұсынысты және өнім каталогін әзірлеу.
Шетелдік әріптестерді іздеу — әлеуетті импорттаушылардың, дистрибьюторлардың және сатып алушылардың базасын қалыптастыру.
B2B-келіссөздер — әлеуетті шетелдік сатып алушылармен кездесулер ұйымдастыру.
Халықаралық іс-шараларға қатысу — компанияларды сауда-экономикалық миссияларда, көрмелерде және бизнес-миссияларда сүйемелдеу.
Постмониторинг — негізгі бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушыларды сүйемелдеу және туындайтын экспорттық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
2026 жылғы Экспорттық акселерация бағдарламасының 20 басым елі
- Моңғолия
- Қытай
- Сауд Арабиясы
- Польша
- АҚШ
- Қырғызстан
- Әзербайжан
- Өзбекстан
- Италия
- Оңтүстік Корея
- Таиланд
- Түркия
- Индонезия
- Жапония
- Ресей
- БАӘ
- Вьетнам
- Үндістан
- Сербия
- Германия
Бағдарламаға кімдер қатыса алады
- Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілері.
- Отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген отандық тауар өндірушілер.
- Орта және жоғары бөліністегі тауарларды өндірушілер.
- Жаһандық нарықтарда сұранысқа ие перспективалы тауарлар шығаратын немесе қызметтер көрсететін компаниялар.
- Жеткілікті өндіріс көлемі мен бос қуаттары немесе оларды кеңейту мүмкіндігі бар компаниялар.
- Жаңадан бастаған экспорттаушылар да, экспорттық тәжірибесі бар және жеткізу географиясын кеңейтуді жоспарлап отырған компаниялар да.
Бағдарлама тауар өндірушілерді де, қызмет көрсетушілерді де қамтиды.
Бағдарламаға қатысу өтеусіз негізде жүзеге асырылады!
Бағдарлама қатысушысы қалай болуға болады
01. Өтінім беру
Іріктеу өткізіліп жатқан кезеңде қатысуға өтінім беру.
02. Компания туралы ақпаратты толтыру
Ұйымның атауын, БСН-ды, өкілдің Т.А.Ә. мен лауазымын, қызмет саласын, ЭҚЖЖ-ны және байланыс деректерін көрсету.
03. Іріктеуден өту
Өтінімдер өнімнің экспорттық әлеуетін, өндірістік мүмкіндіктерді, қаржылық тұрақтылықты және компанияның сыртқы нарықтарға шығуға дайындығын ескере отырып, конкурстық негізде бағаланады.
04. Экспорттық диагностикадан өту
Экспорттық диагностикадан өтіп, компанияның әлеуетін бағалау.
05. Қатысу туралы растау алу
Қатысу туралы растау алып, Бағдарлама командасымен жұмысқа кірісу.
Байланыс деректері
Аскаров Алишер — +7 771 055 10 55
Акбердиева Жанара — +7 702 435 77 99
Сейтжаппарова Гульнара — +7 771 768 30 99



