Экспортты қолдау мемлекеттік бағдарламаларына қатысушылардың сату көлемі 2022 жылы 800 млн доллардан асты - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Экспортты қолдау мемлекеттік бағдарламаларына қатысушылардың сату көлемі 2022 жылы 800 млн доллардан асты

Батыс Қазақстан облысында роуд-шоу басталды, соның барысында өңір кәсіпкерлеріне экспортты мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды.

Іс-шараны Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының, сондай-ақ «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының сарапшылары өткізді.

Ақтөбе мен Оралдағы кездесулерде «QazTrade» сарапшылары бизнеске таңдау үшін оқыту жобаларын, сауда-экономикалық миссияларға, Халықаралық көрмелер мен бағдарламаларға қатысуды ұсынды.

Осылайша, экспорттық акселерация қазақстандық шикізаттық емес компанияларға шетелдік нарықтарды тиімді игеруге көмектеседі. Биылғы жылы азық-түлік, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау және қызмет көрсету секторларының 110 кәсіпорны осы бағдарламаға қатыса алады. «QazTrade» Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиеваның айтуынша, үміткерлерді іріктеу 2023 жылдың 24 ақпанына дейін жалғасады.

«Қазақстан жасалған» тауарларын жылжытудың тағы бір өзекті құралы – халықаралық Alibaba.com электрондық сауда платформасына шығу. Мемлекет отандық тауар өндірушілер мен сауда компанияларына өз өнімдерін осы алаңда сатуға мүмкіндік береді. Міндетті шарт – дайын өнімнің және өз сайтында цифрланған мазмұнның болуы.

2020-2022 жылдары Alibaba.com-да аккаунттарды мемлекет есебінен 220 компания мен экспорттаушы алды. Өткен жылы Халықаралық платформада Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылды. Мұнда алтын жеткізуші мәртебесінде 130 қазақстандық компания ұсынылған, олар сатуға 7500-ден астам тауар шығарады.

«QazTrade бұл бағдарламаларды төртінші жыл іске асыруда, осы уақыт ішінде оларға 500-ге жуық қазақстандық компания қатысты. Біздің бағдарламаларға қатысушылардың жиынтық сатылымы 2022 жылы 800 млн. доллардан асты», – деп атап өтті Әсел Егембердиева.

Қазіргі және әлеуетті экспорттаушыларды оқыту үшін QazTradeAcademy.kz білім беру платформасы құрылды, оған барлық сауда бағыттары бойынша онлайн және офлайн курстар кіреді. Қазір электронды алаңда 64 оқыту курсы ұсынылды.

Қолдау шаралары ретінде экспорттаушы компаниялар сауда-экономикалық миссияларға қатысуды ұйымдастырады. Қазақстандық делегация құрамындағы кәсіпкерлер шет елдердің мемлекеттік мекемелеріне, сауда желілеріне, қоймаларына, ұлттық компанияларына барады, сатып алу қабілетін зерттеу үшін әлеуетті серіктестермен кездеседі. Биыл сауда-экономикалық миссиялар 10 елде өтеді, ал Қазақстан Республикасының ұлттық стенді Шанхай қаласында өтетін халықаралық көрмеде ұсынылады.

«Мемлекеттік қолдау шараларының басты нәтижесі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін жақсарту және қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық дайындығын арттыру болады», – деп түйіндеді А. Егембердиева.

Ақпан айының соңына дейін QazTrade сарапшылары еліміздің барлық өңірлерінде шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 11 айында отандық кәсіпорындар өңделген тауарларды 23,9 млрд.долларға немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 33,2%-ға артық экспорттаған болатын.

Анықтама:

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ шағын және орта бизнес кәсіпорындарына өңделген тауарлардың экспортына, қазақстандық шикізаттық емес өнімдерді өткізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. «QazTrade» АҚ-ның Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі болып табылады.

 

Пікір қалдыру