Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдау басталды
«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарлар мен ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі операторы 2022 жылғы 24 наурызда сағат 9.00-ден 2022 жылғы 24 сәуірде сағат 17.00-ге дейінгі кезеңде шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу (шарттары мен тетігі, оның ішінде өтінім нысаны және оған қоса берілетін құжаттар) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қабылдау https://export.gov.kz/ веб-порталы арқылы жүзеге асырылады Анықтама телефоны:
8(7172)768511
8(7172)768588
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі туралы толық ақпарат https://export.gov.kz/ web-порталында/және http://qaztrade.org.kz/ сайтында орналастырылған.